Өзгермейтін адам жоқ. Өзгергіңіз келсе...

Өзгермейтін адам жоқ. Өзгергіңіз келсе...

1. Өмір жолында кездескен әрбір адам текке жолықпайды. Әр жаңа күн жаңа адамдармен таныстырады. Әрбір жаңа таныс сізге бір маңызды нәрсе үйретері анық. Біреу сынайды, біреу пайдаланады, ал үшінші біреу сабақ береді. Бір адам бізге жаңа нәрсе үйретсе, басқа бірі жақсылық жасауды көрсетеді. Бір адам бізді рухани жетілдіреді. Өмірдің өзі осынысымен құнды.
2. Екеуара қарым-қатынастан не берсеңіз, соны аласыз. Еркелік пен кінәласудан, айып тағудан сіз ұтып, есесіне жылы жымиыс, ыстық құшақ пен сүйіспеншілік аламын деп дәмеленбеңіз. Түсіністік қажет болса, өзіңізде түсіністікпен қарап дағдыланыңыз. Бәрі де қайтып келеді. Не ексең, соны орасың. Қарапайым формула. Адам баласы жаратылғаннан бері солай.
3. Бір адамның өмірінен орын аламын деп текке шаршамаңыз. Шын сүюде зорлық жоқ. Осы қағиданы көпшілік естен шығарып алады. Өзге адамның өмірінен өзіңізге орын іздеп әуре болмаңыз. Оған сіз керексіз бе, жоқ па, оны сіз нақты біле алмайсыз. Ол ғана біледі.
4. Барлық адам өзгереді. Адаммен бірге оның қалауы, ойы, ұстанымы да уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды. Сондықтан сізге біреу өзгеріпсің десе, ренжімеңіз. Бойыңыздан кемшілік іздемеңіз. Бәлкім, бұл өзгеріс сізге жаққан шығар. Жақын досыңызбен көзқарастарыңыз келіспей жатса, онда тұрған дәнеңе жоқ. Сөйлеспей кеттік деп қапаланбаңыз. Түбегейлі таусылған қарым-қатынасты барға балап, іштей жеккөрушілікті сақтағанша, анда-санда болса да бір-біріңізбен сәлеміңіздің түзу болғаны дұрыс. Шынайы болыңыз.
5. Қарым-қатынасты дамытып отыру керек. Олар өздігінен түзілмейді. Барлық жақтың белсенді араласуын талап етеді. Шынайылық, ортақтық, сыйластық – кез келген қарым-қатынастың негізі болатын сезімдер. Бұларсыз бірге болам деу бекер.
6. Кешіре білу керек. Көпшілік кешіру осалдық деп түсінеді. Бірақ «мен сені кешірем» деген сөз, «мен тым мейірімді адаммын, сен одан ары да менің өмірімді тоқырауға ұшырата бер, мен саған басы артық сөз айтпаспын» деу емес. Ол сөз «өткен өмір бүгінім мен келешегімді бүлдірмесін, сол үшін сені кешірем, барлық өкпемді босатам» дегенді білдіреді.
7. Керісу – босқа уақыт өлтіру. Сізге жақпайтын адамдармен керілдесу деген сіз жақсы көретін адамдарға бөлетін уақытты ұттыру. Етене жақын адаммен ұрсысып қалсаңыз, сабырлы болыңыз. Ашуға бой алдырып, жүректен мәңгі өшпейтін сөздер айтып қалуыңыз мүмкін. Сол үшін өмір бақи өкініп өтуіңіз де ғажап емес. Кейде мықты деген қарым-қатынасты абайсызда айтылған бір ауыз сөз бүлдіреді.
8. Сіз басқа адамды өзгерте алмайсыз. Әр адам өзін-өзі өзгерте алады. Бірақ өзгені емес. Сондықтан өзіңізге қымбат жандарды қалай бар, солай қабылдап үйреніңіз. Егер біреуге көңіліңіз толмаса, оған оны ашық айтыңыз. Шыншыл болғыңыз келсе. Егер сізді ұнатқан адам болса, бәлкім сіз үшін өзгерер.
9. Кей адамдардың өміріңізден аластатылуы сізге пайдалы болуы ықтимал. Айналаңызды өзгертуге қорықпаңыз. Жағымсыздық тудыратын адамдарды жіберу керек. Бұрын адал болған досыңыз соңғы кезде сөзбен де, іспен де сатып кеткенін сезсеңіз, онымен тәжікелеспей-ақ өмірден жәй ғана аластау абзал. Жармаса бермей, достықтың біткенін мойындай білу де азаматтық.
10. Жаныңыздағы жандарды бағалаңыз. Олардың қаншалықты қымбат екенін айтуды ұмытпаңыз. Жеткілікті уақыт бөліңіз. Бәлкім, ерте ме, кеш пе, бұл қарым-қатынаста тәмамдалар. Бірақ ештеңе де мәңгілік емес, уақыт ұтқызғым келмейді деген қарадүрсін ойға берілмеңіз. Бүгінгі ойдан ертеңгі іс туады.


Аударған Шынар Әбілдә

facebook.com парақшасынан алынды 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста