Президент күнін атап өтетін елдерді білесіз бе?

Президент күнін атап өтетін елдерді білесіз бе?

Президент күнін атап өтетін бірінші ел біз емес. Әлемнің бірнеше елінде бұрынғы және қазіргі мемлекет басшыларының құрметіне орай тойланатын ұлттық мейрамдар бар. Бірі бұл күні бірыңғай сарғылт түсті киім кисе, енді бірі ел басшыларының портретін іліп, халықтық серуенге шығады. Baq.kz тілшісі әлемнің қай елінде мұндай мереке барын және қалай тойланатынын анықтады.

Қазақстан

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні. Бұл мейрам 2011 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне белгіленді. Қазақстанның тұңғыш президенті 1991 жылдың 10 желтоқсанында сайланды. ҚР Конституциясында «Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана айлмайды» деген тармақ бар. Дегенмен 2007 жылы Парламент «Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды» деп өзгерту енгізді. Қазақстандықтар 2012 жылы алғаш рет Президент күнін тойлады.

АҚШ

Америкалықтар ақпанның үшінші дүйсенбісінде демалады. Бұл күні 1885 жылы тұңғыш президент Джордж Вашингтонның құрметіне белгіленген Президент күнін атап өтеді. 1782 жылы Алғаш рет Виргиния штатында жұртшылық Вашингтонның туған күнін атап өткен. Олар бұл күні балл, парад, түскі қонақ асын ұйымдастырған. Бірнеше штатта бұл дәстүр жалғасын тауып, 1855 жылы жалпы ұлттық мейрам деп жарияланды.

Джордж Вашингтон 1732 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. 70-жылдардың басына дейін мейрам осы күні ғана аталып өтті. Алайда президент Никсон ақпанның үшінші дүйсенбісіне ауыстырып, Президент күнін тек Вашингтонның ғана емес, АҚШ-тың 16-президенті Авраам Линкольннің де құрметіне атап өтуді ұсынды.

Бұл күні Вашингтон музей-үйінде костюмді қойылымдар болады. Сонымен бірге қонақтарға «құрушы әке» деп аталатын бал және май қосылған жүгері таба наны ұсынылады.

Ұлыбритания

Ұлыбритания 8 маусымда патшайымның туған күнін тойлайды. Британ монархы ІІ Елизавета сәуірде дүниеге келген. Алайда VII Эдуард бекіткен дәстүр бойынша Біріккен Корольдігі бұл күнді маусымның екінші сенбісінде атап өтеді. Патшаның пікірінше бұл күні ауа райы мерекені бұза алмайды.

ІІ Елизавета – Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Соломон аралдары, Ямайка секілді 15 мемлекеттің патшайымы. Алайда ол елдердің өздерінің «Патшайым күні» бар.

Мысалы, 24 мамырда канадалықтар Виктория патшайымның туған күнін атап өтеді. Австралияда шаңғы маусымы басталатын кезде маусымның екінші дүйсенбісінде тойлайды. Жаңа Зеландияда патшайым күнін тау шаңғысы маусымы басталатын уақытта, яғни маусымның бірі​​​нші дүйсенбісінде атап өтеді.

Исландия

Президент күні бұл елде 14 мамырда дүниеге келген Исландияның бесінші президенті Олавур Рагнар Гримссонның құрметіне бекітілген. 1966 жылы билікке келген Гримссон 2016 жылдың бірінші тамызында орнын Гвюдни Йоуханнессонге босатты. Исландияда Президенттің туған күні мемлекеттік мереке. Бұл күні Исландияда мемлекеттік ту көтеріліп, әртүрлі көңіл көтеру шаралары мен халықтық шеру ұйымдастырылады.

Нидерланд Корольдігі

Нидерланд – король (патшайым) басқаратын конституциялық монархия. Ұлттық мейрам Патша күні Виллем Александрдың туған күні 27 сәуірде аталып өтеді. Осыған дейін 31 тамыз бен 30 сәуірде тойланып келген. Бұл күні сонымен бірге ұлтық бірлік күні аталып өтеді. Осы күні голландтықтар Оран әулетінен келе жатқан сарғылт түсті киім киеді. Қалаларда роктан рейвке дейін әртүрлі жанрда музыкалық концерттер өтеді. Барлық жерден көше музыканттарын кездестіруге болады. Гаага секілді қалаларда түн ауған шақта Koningsnacht деп аталатын Патшайым түні тойланады. Көшелерді сарғылт түсті лента, гирлянда, шармен безендіріп, қазіргі монархтың портреті мен ұлттық туын іледі. Бұл күні елдегі дүкендерге тауарларын ҚҚС-сыз (қосылған құн салығы) сатуға рұқсат беріледі және бұл мерекеде кез келген адам көшеге шығып өз тауарын еркін сата алады. Барлығы жылдың «сарғылт» мейрамын шат-шадыман атап өтеді.

Мереке тарихы 1885 жылдан басталады. Ең бірінші либералды партия халықтар бірлігі күнін белгілеуді дұрыс деп табады. 31 тамызда Вильгельмина ханшайымның туған күніне орай Ханшайым күні тойланған. Ханшайым патшайымға айналған кезде мейрам атауы Патшайым күні деп өзгертілді.

1948 жылы таққа Юлиана патшайым келген соң мейрам 30 сәуірге ауыстырылды. Бұл күн Юлиананың туған күні еді. Патшайымның қызы Беатрикс анасының орнына отырған соң бұл мейрамды өзінің туған күніне ауыстырмағанды жөн көрді. Анасын еске алу үшін 30 сәуірді мереке күні деп қалдырды, әрі өзі туған күн 30 қаңтар мейрамды тойлау үшін қолайсыз еді. 2013 жылы Беатрикс таққа Вильгелм-Александрды отырғызды. Корльдің туған күні 27 сәуір болған соң патшайым күні «Король күні» деп өзгертілді.

Ангола

Ангола халқы да тұңғыш президент күнін тойлайды. Анголаның тұңғыш президенті Агоштинью Нетудің құрметіне орай басқаша атаумен «Ұлт батырлары күнін» атап өтеді.

Ол 1922 жылы 17 қыркүйекте протестанттар шіркеуі қызметкерлерінің отбасында дүниеге келген. 1950 жылдары Нетудың қатысуымен Португалиядан тәуелсіздігін алу үшін күрескен Анголаны азат ету халықтық қозғалысы құрылды. 1975 жылы Ангола тәуелсіздік алған соң Нету оның алғашқы президенті атанды.

Ұлт батырлары күні Нетудің құрметіне ғана аталып өтпейді. 20 жылға жуық ел тәуелсіздігі жолында күрескен Анголаны азат ету халықтық қозғалысының барлық мүшелерінің және 1975-2002 жылдар аралығындағы азаматтық соғысқа қатысушылардың құрметіне тойланады. Мереке күні ұлт батырларының сіңірген еңбегі айтылып, халық қошемет білдіреді. Елде спорттық шаралар мен еске алу шаралары өтеді.

Маршалл аралдары

Бұл елдің мемлекеттік мейрамдарына президент күні де кіреді. 17 қарашада халық тұңғыш президенттері Амата Кабуаның туған күнін атап өтеді. Маршалл халқы ел тәуелсіздігі жолында бірқатар келіссөздер жүргізіп, тәуелсіздіктің негізін қалаған Кабуаны ерекше құрметтейді.

Ол 1979 жылы Маршалл аралдарының президенті болып сайланды. 1996 жылға дейін ақтық демі қалғанша бес президенттік мерзімде мемлекет басшысы қызметін атқарды.

Амата Кабуа елдің тұңғыш президенті ғана емес, «Маршалл аралдары мәңгілік» атты ұлттық әнұранның әні мен сөзін жазған.

Ботсвана

Оңтүстік Африкадағы ең дамыған елдердің бірі. Мереке екі күнге созылады. Тұңғыш президент Серетсе Кхама құрметіне Президент күнін шілденің үшінші дүйсенбісінде атап өтеді. Ол өмірінің соңына дейін елді 14 жыл басқарған (1966 жылдан 1980 жылға дейін). Жемқорлықпен аянбай күресті, салықтың ең төменгі деңгейін ұстап тұрды және тұрақты демократиялық режимді құрды.

Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алған кезде Ботсван әлемдегі ең кедей елдің бірі еді. 1966 жылы ел егемендігін алды. Келесі 35 жылда елдің ЖІӨ қарқынды түрде өсіп, экономикасы жылдам өскен елдердің ішінде екінші орын алды.

Тәжікстан

1994 жылы 6 қарашада Эмомоали Рахмон Тәжікстан Республикасының президенті болып сайланды. 2016 жылы 15 сәуірде Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 16 қарашаны Президент күні деп бекітті. Парламент бұл шешімді жеке тұлғаны дәріптеу емес, қосымша шығынды қажет етпейтін мейрам екенін айтқан болатын.

16 қарашада Эмомали Рахмоналидің қайраткерлігін дәріптейтін кітапхана, көрме залдары мен білім беру мекемелерінде тақырыптық шаралар өтеді. Тәжікстан көшелері мен алаңдары «Біздің Президент – біздің лидер» деген жазуы бар Эмомали Рахмонның үлкен портреттерімен безендіріледі.

Таиланд

Жыл сайын 23 қазанда Таиланд халқы V Рама королін еске алу күні жалпыхалықтық мерекесін атап өтеді. 1868 жылы 16 жасында V Рама таққа отырды. 42 жылдық билігі кезінде Таиландта бірнеше реформа жүзеге асты. Король батыстың басқару жүйесін зерттеп, Ұлыбритания, Франция, Америка және Ресей секілді державалармен достық байланыс орнатты. Король балаларын сол елдерге оқуға жіберіп отырды.

V Рама құлдықтан бас тарту, теміржол салу арқылы байланысты шешу, пошта мен телеграф құру, сондай-ақ 1892 жылы министрлік жүйесін құру секілді тай халқының жағдайын өзгерту жолында мәселелер көтерді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында қоғамдық институттар ашқанын да айта кетейік. 1910 жылы 23 қазанда король қайтыс болып, тай халқы ауыр қазаға ұшырады. Король портретін әр мекемеден немесе жеке фирмалардан көруге болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста