Сұрақ-Жауап. Кеңес

Психологиялық тест: Қай есікке кірер едіңіз? Жауабыңыз сіз туралы сыр айтады

  • Психологиялық тест: Қай есікке кірер едіңіз? Жауабыңыз сіз туралы сыр айтады

    Психологиялық тест: Қай есікке кірер едіңіз? Жауабыңыз сіз туралы сыр айтады

1: Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескер¬мейді. Шығармашылық ойлау қабілеті өте жоғары. Кез келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.


2: Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.


3 Достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.


4: Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қаты¬настардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жо¬лын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәсе¬лені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-бере¬кетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділет¬сіздікке жаны төзбейді.


5: Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көз¬қарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыз¬ды¬ғы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.


6: Білімді, адамгершілігі мол, үйге сыйымды жан. Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жа¬қындары¬ның өмірін де жайлы етуге ты¬рысады. Оның көп жауапкерші¬лігін өз мойнына алады.


7: Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсі¬ніксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.


8: Ақшаға байланысты істері өркендейді. Даңқ пен байлыққа жақын жүреді. Материалдық жағдайы үстем болады. Адамдардың жан дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.


 


reactor.inform.kz




Көрілген: 2676    Пікірлер: 0

сенбі, 22.09.2018, 18:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31