Сауда жақсы жүруі үшін қандай дұға оқу керек?

Сауда жақсы жүруі үшін қандай дұға оқу керек?

Ондай дұға жайында қандайда бір дерек кездестірмедік. Дегенмен, Пайғамбарымыз (с.а.у) Мәдине халқының сауда-саттығына береке тілеп, төмендегідей дұға еткені сахих хадистерде келтіріледі:

اللَّهُمَّ بَارِكْ لَهُمْ فِي مِكْيَالِهِمْ ، وَبَارِكْ لَهُمْ فِي صَاعِهِمْ ، وَمُدِّهِمْ يَعْنِي أَهْلَ الْمَدِينَةِ
«Аллаһуммә, бәрик ләһум фи Микялиһим. Уә бәрик ләһум фи Саъиһим уә мүддиһим»[1]

Мағынасы: «Уа, Аллаһым! Олардың тартқан таразысына, ондағы өлшеп сатқан заттарына береке бер».

Әлдебіреулердің саудаларының берекесі үшін, аталмыш дұғаны оқитын кісі: «Аллаһуммә, бәрик ләһум фи Микялиһим. Уә бәрик ләһум фи Саъиһим уә мүддиһим», - деп оқиды.

Ал өзінің жеке саудасы үшін оқитын болса, онда: «Аллаһуммә, бәрик ли фи Микялии. Уә бәрик ли фи Саъии уә мүддии», - дейді. Мұндағы өзгеріс арап тілінің грамматикалық еркешелігіне байланысты.

Және айта кететін маңызды жәйт, хадистен байқағанымыздай береке дұғасы ауызша айтылады. Дүкеннің төрт бұрышына жасырудың қажеті жоқ.

Бұған қоса, саудаға береке кірсін десеңіз мына төмендегі мәселелерді де ұмытпаған жөн:

Тақуалық. Басқаша айтқанда, намаз, ораза, зекет сияқты дін бұйрықтарына берік болу;

Шыңшылдық. Саудада бастысы – сенімділік. Сенімді болсаңыз алушыларыңыз көп болады, саудаңызға береке кіреді;
Ертемен бастауды әдетке айналдыру керек. «Аллаһым, үмметіме ертеңгісін береке бер» деп Алла елшісі дұға еткен[2]. Әр істі кешеулетпеген дұрыс.

Шүкіршілік, қанағат. Әр бір нығметті Алланың бізге берген сыйы ретінде көріп, оған шүкіршілік ету керек. «Шүкір етсеңдер, арттырамын»[3] дейді Жаратушы Иеміз.

Садақа беру. Шама-шарқыңызша мұқтаж жандарға садақа беріп тұрыңыз. Садақа берекені арттырады. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде: «Алла өсімді жояды, (берген) садақалардың берекесін арттырады», - деген[4]. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста