Сұрақ-Жауап. Кеңес

Саусағыңызға қарап мінезіңізді анықтаңыз

  • © reactor.inform.kz

    © reactor.inform.kz

Қызықты тесттерімізді жалғастырамыз. Бүгін бізге тесттен өту үшін қағаз бен қаламның қажеті жоқ. Сурет салу, жазу жазу да талап етілмейді. Бар болғаны, қолыңызға қараңыз да, сұқ және аты жоқ саусақтарыңыздың ұзындығына мән беріңіз. Қолыңыз қай суретке ұқсайды, соған сәйкес сипаттаманы оқыңыз.


А нұсқасы


Сұқ саусақ аты жоқ саусақтан қысқа болса. Сенімді, шешімді бірден қабылдайтын, тәуекелшіл жандар. Қиындықпен күресе алады. Одан шығатын жолды оңай табады.Олар сөзжұмбақтардың, басқатырғыштардың шешімін өте жылдам таба алады.

Бұл топтағылардан ғалымдар, инженерлер, техникалық мамандық иелері шығады.


В нұсқасы


Сұқ саусақ аты жоқ саусақтан ұзын болса. Өзінің қабілетіне, мүмкіндігіне сенімді жандар. Жанындағылардың пікірін әркез қолдайды, бірақ ұсақ-түйек, болмашы әңгімелермен бас қатырғанды ұнатпайды.Бұл кісілердің бойында қатып қалған қағида, ұстаным кездесе бермейді. Кездесуге кешігіп бара салуы мүмкін. Адамдардың өзіне көңіл аударғанын, мақтағанын қалап тұрады.


С нұсқасы


Екі саусақ та бірдей болса. Саусақтары мұндай типтегі адамдар ақкөңіл, мейірімді, жомарт болып келеді. Ешқашан ұрыс-керістің болғанын қаламайды. Қайта бәрін татуластырып, табыстырып жүреді. Досына, сүйгеніне адал, сенімді жандар. Бірақ бір ашуына тисеңіз үлкен «дауылдың» астында қаласыз. Сондықтан оған ұнамайтын әрекеттер жасамаңыз.


Бұл тест арқылы тек өзіңізді ғана емес, таныстарыңызды, достарыңызды да тексеріп көруге болады. Айтпақшы, сүйікті адамыңызға міндетті түрде ұсынып көріңіз. Оның болмысы, мінезі сіз үшін өте маңызды ғой.  


reactor




Көрілген: 5145    Пікірлер: 0

жұма, 10.11.2017, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30