Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сен кімсің?!

  • Сен  кімсің?!

    Сен кімсің?!

Адамның ішкі жандүниесі қандай екенін анықтап беретін психогеометрия әдістемесін АҚШ-тың психолог дәрігері Сьюзен Деллингер ойлап тапқан. Рас, бұған дейін де адам баласының түрлі санды жақсы көруі не болмаса түрлі түсті түрді ұнатуына байланысты оның мінез-құлқын анықтап беретін әдістемелер дүниеге келген. Ал Сьюзен Деллингердің методикасы сәл өзгешелеу. Ол геометриялық бес түрлі бұрыштарды алға тарта отырып, адамның өмірде қандай екенін дәл анықтайды. Мәселен… Төртбұрышты (квадрат) жақсы көретін жан өмірде өте алғыр, дегеніне жетпейтін қайратты болып келеді екен. Сондай-ақ олар сараптама жасауда, түрлі бастама көтеруде алдына жан салмайды. Логикасы да керемет. Өте ұқыпты. Уақытпен жүріп тұрады. Олардан өте мықты, ақылды, жігерлі басшы не болмаса айтқанды бұлжытпай орындайтын еңбекқор жан шығады. Бір кемшілігі, «мен не айтсам болды, сол орындалуы тиіс, менікі заңды» деген ойы. Тәртіп олар үшін басты қағида. Ал өз дегені жүзеге аспаса, қолды бір сілтеп, теріс бұрылып кетін қызба әдеті де бар.


Ал үшбұрышты жанына жақын тұтатын адам, бірбеткей, тура айтатын жандар. Олардың көбі өз ортасында үстемдік жүргізуге құрмар. Үш бұрышты ұнататындардың арасынан көптеген белгілі тұлғалар шыққан. Мәселен, Наполеон, Бисмарк, Гитлер, Муссолони, Гете, Байрон т.б. Олар кез-келген дүниені бір деммен шешіп тастауға тырысатын, үнемі күш-жігері тасып жүретіндер. Сондай-ақ оларға тән тағы бір жақсы қасиет – кез келген ортада кездескен жанмен ортақ тіл тауып, тез табысып кететіндігі. Содан болар, олардың арасында саясаткерлер, бизнесмендер, менеджерлер көп. Өкіншке қарай, кемшілік олардың да бойынан табылады. Мәселен, көзді жұмып тәуекелге жиі барады. Оның бәрі жетістікке жетелей бермейтіні белгілі. Өздері жіберген кемшілікті, қателікті мойындамайтындығы тағы бар. Сонысына қарамай, олар өте танымал тұлғаға тез айнала алады.


Ал тік бұрышты жақсы көретін адамдар, ғұмырында үнемі дағдарысқа түсіп, жүнжіп жүретіндер көрінеді. Олар жасаған тірліктің көбі кері кетіп, адам үнемі күйреу үстінде болады. Тікбұрыштықтар алға нақты мақсат қойғанан гөрі, өзгенің сілтегенімен қозғалғанды жақсы көреді. Көңіл күйлері де үнемі әрі-сәрі болмақ. Нақты шешім қабылдауға құлықсыз, жалтақ, өзіне сенімсіз жандар. Алайда олар көп оқитын, көп ізденетіндердің қатарына жатады.


Шеңберді жақсы көретіндер, құндылықтарды сүйетін, барды бағалайтын, тұлғаларды дәріптейтін, олармен араласқанды ұнататын жандар. Өмірге пәк сенімен қарап, кез-келген жанжалдың бейбіт бітіммен бітуін қалайтын және бітімгершілік рөлін де табылатын адамдар. Олар үшін өздері өмір сүрген ортаның пікірі құнды. Сонымен санасуға бар. Жақсы дос, сенімді серік болуға лайықтылар. Бірақ, олардың көбі, кесіп ештеңе айта алмайтын, түйткілді мәселелер шешуге келгенде тайсақтап қалатындардың қатарынан. Тағы бір кемшілігі «жоқ» дегенді айта алмай, үнемі бас изеп, берген уәдесін орындай алама жоқ па, соған қарамастан келісім беретіндігі. Өмірде иректі (зигзаг) ұнатындар аз екені белгілі. Жалпы иректің өзі туралықтан қашатын, өтірікке бейім, нақты көзқарасы қалыптаспаған жандардың ішкі жан-дүниесін береді екен. Бірақ олардың да арасында аратұра керемет ойлардың, маңызды бастамалрдың иелері шығып отырады екен. Мәселен, Эйнштейн, Сахров, Бетховен, Ван Гог т.б. Олардың көбі айтқысы келгендерін сөзбен емес, оймен, образбен білдіруге тырысатындар. Олардың қай-қайсы да өз ойымен өзі оңаша қалып, тәуелсіз болғанды, саяқ жүргенді ұнатады.


АҚШ-тың психолог дәрігері Сьюзен Деллингер ойлап тапқан бұл тәсіл қаншалықты адам жанының ішкі қырын ашып бере алады, ол жағы бізге белгісіз. Бірақ психологтың айтуынша, қазір АҚШ-та адамдардың мінез-құлқын анықтау үшін көптеген құзырлы орындар осы тәсілді қолдануға көшкен екен.


tazael.kz




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 15:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 12:49
    АДАМНЫҢ ҒҰМЫРЫ ЖАЙЛЫ
    26 Қаңтар, 15:21
    Сен кімсің?!
    25 Қаңтар, 15:03
    Батасыз өнбейтін 5 іс
    17 Қаңтар, 11:17
    Ұлағаты мол 7 ұстаным

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28