Серігіңіз сезімге берік пе, әлде...

Серігіңіз сезімге берік пе, әлде...

Жұлдыз жорамалдағы әр жұлдыздың тек өзіне тән белгілері болады. Сол белгілердің бірі адам бойындағы сезімге беріктікті де анықтайды екен. Әрине, қыз-келіншектер екінші жартыларының нақсүйер, сезімге берік жан болғанын қалайды. Ендеше, соған назар аударайық. Жігітіңіз сезімге берік пе, әлде әйелқұмар, жүрек жаулағыш «джентльмен» бе?

1-топ – нақсүйер, 2- топ – орташа, 3-топ – әйелқұмар

Тоқты – 2
Ғашық болған Тоқтылардың жаны романтикаға толы болады. Олар сіздің қалауыңыздың бәрін орындауға сөз береді. Бірақ өз дегеніне қол жеткізген сәтте-ақ өзгеріп шыға келсе, таңғалмаңыз. Ол кезде сылқым Тоқты түк болмағандай кете бармақ.
Ал, жалпы, Тоқтылар екеуара қатынаста өте байсалды әрі өзіне сенімді. Сондай-ақ нәзік жандар үшін мықты қорған, сүйікті жар, адал күйеу, жақсы әке, онымен қоса «пысық» көңілдес те бола алады. Олар – жаңа «оқиғаларға» сұранып тұратын жандар. Сондықтан Тоқтылардың адамлдықтарын 2 балмен бағалауға болады.

Торпақ – 1
Олар әйелдер үшін басын «жоғалтпайды». Сырт көзге тым тұйық көрінгенімен, Торпақтардың сезімі тым терең болады. Сондай-ақ олар – мақсаттарына берік және оған қалай да жетпей қоймайтын жандар. Егер Торпақ-жігіттің көзінен сізге деген ерекше сезімді байқасаңыз, оның тек сіздік ғана болатынына сеніңіз. Олар махаббат сезімін ерекше қадірлей біледі, әрі оны өте жоғары бағалайды. Торпақтар үйленсе, олардың бұл қадамға жан-жақты ойланып барғанын естен шығармаңыз. Олар көңілдес емес, нақсүйер әйелдерді ғана таңдайды. Сондықтан оларға 1 деген бағаны ойланбастан беруге болады.

Егіздер – 3
Тұрақсыздық – олар үшін қалыпты жайт. Бастапқыда сіз үшін бәріне дайын, тіпті сізді танып-білуге құмартып тұрғанымен, уақыты келгенде ол тұйықтанып, өзгере қалады. Ал сол кезде Егіздер қатынастарыңызға одан ары жалғастыруға бола ма, жоқ па дегенді шешеді. Ол үшін бәрі жақсы болса, сүйіктіңіз сізді зерттеуін одан ары жалғастырмақ. Егер басқаша болса, орныңызды өзге жанның қалай басқанын білмей де қаласыз. Десе де, бұл Егіздерден мүлде алыс жүру керектігін білдірмесі анық. Бар болғаны оған не керек екенін тауып көріңіз.

Шаян – 3
Олар өз қамын бірінші кезекке қояды. Бастысы, өзіне ыңғайлы, жайлы болса, болғаны. Сондай-ақ кінәлі кез келген жан болуы мүмкін, бірақ қалай да Шаян емес! Сондықтан жігітіңізді басқа қызбен жатқан жерінен ұстап алсаңыз да, ол сүттен ақ, судан таза шығатынына сеніңіз.

Арыстан – 1
Арыстан-еркектер өздеріне өте жақсы қарайды: үнемі мұнтаздай таза, жинақты, сондай-ақ мүсіні де нағыз еркектердікіндей көз қуантады. Тура солай олар сезімге де кірпияз, өте берік, әрі адал. Сондықтан Арыстандармен ара қатынасыңыз ұзаққа баратынына сеніңіз.

Бикеш – 1
Олар жасандылықты ұнатпайды: таңға дейін сізбен қол ұстасып билеу немесе терезеңіздің алдында тұрып, ғашықтық арнаулар оқу олар үшін емес. Есесіне, олар өте байқампаз келеді. Кеше сіздің қандай көйлек кигеніңізді, оның түймесінің қандай көлемде болғанына дейін тәптіштеп айтып бере алады. Төсек қатынасына олар асқан сақтықпен барады, тіпті қандай да бір инфекция жұқтырып алудан да қорқады. Сондықтан олар тек сенімді, яғни екінші жартысымен ғана махаббат сезімін бөлісуді жөн санайды.

Таразы – 1
Олар адал және жақсы дос ала алады. Олар екінші жартыларын қуанышқа бөлегенді, тосынсыйлар жасауды ұнатады. Сондай-ақ әрдайым оларды қолдап-қолпаштап отырғанды жақсы көреді. Қарым-қатынаста берік, адал. Олар сол жаққа аттап қадам баспайды.

Сарышаян – 1
Олар нағыз әйелқұмарлар, төсек – олардың сүйікті орындары. Оңай, әрі қолжетімді оқиғаларға әуес емес. Қарым-қатнас пен түрлі оқиғалар барынша қиындай түскен сайын Сарышаяндардың қызығушылығы да арта бермек. Олар сондықтан да әрдайым жаңа оқиғаларды іздеп жүреді. Ал егер Сарышаян отбасын құрған болса, ол үйі мен бала-шағасына мықты қорған болары сөзсіз.

Мерген – 3
Бұл жұлдыздың «Мерген» аталуы тегін емес. Олар да дәл нағыз мергендерше өте әуесқой келеді, бәрінің «дәмін» татып, түр-түсін анықтауға құмар.

Тауешкі – 1
Олар өте сирек ғашық болады. Ал бір сүйген екен, шын сүйеді. Олардың құрған қатынастары өте берік, сезімге адал. Сондықтан олар айналасындағыларды көзіне алмай, тек екінші жартысын сүюмен өтеді.

Суқұйғыш – 2
Олар біреуге жалыну дегенді білмейді және сөз салып, сезімін білдіру де Суқұйғыштардың қолынан келе бермейді. Сондықтан Суқұйғыш-жігітке көз салсаңыз, бірінші қадамға өзіңіз барғаныңыз жөн. Олар некеге өте адал. Десе де, Суқұйғыштардың арасында ажырасқандар саны көп болып жатады. Олай болуының себебі – олардың екінші жартыларының ойындағы «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген күдік. Соған қарамастан Суқұйғыштар некені сақтап қалу үшін қолынан келгенін істейді, бірақ ақыр соңында күтпеген жерде-ақ қолдарын сілтеп, өз жөндерімен кетеді.

Балықтар – 1
Олар – мейірімді, ақкөңіл, шын қуана да, қайғыра да білетін нәзік жандар. Балықтар бір көргеннен ғашық отына күйіп-жанып алып ұшпайды. Олардың махаббаты баяу әрі байқаусыз «дамып», уақыт өте үлкен сезімге ұласады. Бұл жұлдызбен туылған жандар – терезенің алдында серенада айтып, өлең оқитын нағыз романтиктер. Ал отбасын құрған Балықтар – барлығын тек жанұясы үшін жасайтын, нағыз адал күйеу, өнегелі әке.

Дайындаған: Құралай Мұратқызы
 anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста