Шаш үлгіңізге қарап, өз мінезіңізді біліңіз (фото)

Шаш үлгіңізге қарап, өз мінезіңізді біліңіз (фото)

 Бұйра ма, тік пе? Ұзын ба, қысқа ма? Жайып жүресіз бе, әлде жинап жүргенді қалайсыз ба? Осы сипаттамалардың өзі сіздің мінез-құлқыңыздан хабар беруі мүмкін.

Ендеше суреттегі шаш үлгілерінің ішінен өзіңіздікін тауып, соған сәйкес сипаттаманы оқыңыз.

1. Жаңалыққа, ілім-ғылымға құмар жансыз. Адамдардың жақсы тұстарын ғана көресіз. Үнемі позитивті ойлармен жүресіз.

2. Өзіңізге сенімді арусыз. Сіздің тарапыңызға арналған сын да сізді мұқалта алмайды. Қаумалаған досқа да мұқтаж емессіз. Бірақ нағыз доссыз. Энергияңызбен өзгелерді сусындатудан шаршамайсыз.

3. Сыртыңыздан қарағанда тәкаппар боп көрінесіз. Бірақ адам өз мақсатына жетуге ұмтылғанда айналасына қарауға мұршасы болмайды ғой. Сізде де солай. Сондықтан бәрімен араласа бермейтін «өзінше» болып көрінесіз. Ешкімнің көмегіне жүгінбей, бәріне өзіңіз қол жеткізіп үйреніп қалғансыз.

4. Танымайтындарға – батыл, ермінезді, жақындарыңыз үшін – нәзік, момынсыз. Әркез әділдікті, барлық нәрсенің дұрыс шешілгенін бақылап жүресіз.

5. Шығармашылық адамысыз. Ішкі әлеміңіз өте бай. Іш пыстырарлық жұмыс сіздікі емес. Себебі сіз креативті өмір сүргенді қалайсыз.

6. Ақкөңіл, ашық-жарқынсыз. Бұл кейде сізге кедергісін де келтіреді. Дегенмен сіз үнемі жаныңыздағыларға қолдау көрсетіп, көмектесіп жүресіз.

7. Жақсы тыңдай білесіз және мықты бақылаушысыз. Ұсақ-түйек болса да аса ұқыппен қарайсыз. Бұл әдетіңіз сізге көп жағдайда көмектеседі.

8. Шыдамдысыз. Бірден ашуланатын, бұлданып қалатын қасиет сізде жоқ. Қалжыңды көтере алатындығыңыз үшін достарыңыз да жақсы көреді.

9. Бірінші ойланып, содан соң іске кірісетіндер қатарынансыз. Сондықтан ешқашан істеген ісіңізге өкініп, опық жеп жүрмейсіз.

10. Интелектуалыңыз жоғары, шығармашылық тұлғасыз. Талғамсыз, білімсіз жандардың жанында жүруге шыдамайсыз. Сондықтан айналаңызға өзіңіз тәрізді жандарды жинайсыз.

11. Сабырлы, тәрбиелі, ибалы. Ешкіммен ұрсысып, сөзге келмейді. Иә, иә сіз туралы айтып жатырмыз.

12. Бәрінің басын қосып, ұйымдастырып жүресіз. Жан дүниеңіз мейірім, махаббатқа толы. Және барлық нәрседен қарапайымдылықты қалайсыз.

13. Жаратылысынан оптимист. Өмірдің әр сәтін бағалауға, уақытты құр жібермеуге тырысасыз. Сіздің жүйкеңізге әсер ету, ашуыңызға тию анау айтқандай оңай емес. Өйткені сіз мықты жансыз.

14. Шыншылдық – басты қасиетіңіз. Өзгенің өмірі сізді қызықтырмайды. Өзінің өмірлік мақсаттарымен жүрген жанға оның не қажеті бар? Көздегеніңізге жетпей тыным таппайсыз, ол сізді көп жетістікке жеткізеді.

15. Қиялшылсыз. Армандап, біраз нәрсені ойша елестетіп, қиялға беріліп кетесіз. Бірақ нақтылықты, шынайы өмірді ойлап үйреніңіз. Әйтпесе, жоспарларыңыз жүзеге аспайды.

16. Өте салмақты жансыз. Жаныңыздағылар сіздің бойыңыздағы осы қасиетті бағалайды. Сізді үлгі тұтады.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста