Сұрақ-Жауап. Кеңес

Шашты аптаның қай күні қидырған дұрыс?

  • © reactor

    © reactor

Талғамға талас жоқ екені рас. Қыздар қауымының бірі ұзын шаш үлгісін ұнатса, екіншілері қысқарған шашты жақсы көреді. Шашының ұшын ай сайын түзететіндер де, жастайынан кестірмеген де жандар бар. Ал шашты аптаның қай күні кестірген дұрыс екенін білесіз бе? Білмесеңіз төмендегі мәліметтерге зер салыңыз.


1. Дүйсенбі (Ай). Соңғы күні көңіл-күйіңіз болмай жүрген болса, шашыңызды аптаның осы күні қидырыңыз. Кесілген шашыңызбен бірге жағымсыз эмоциялардан арыла аласыз. Дүйсенбі күні сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі туылғандарға шаш қидыруға болмайды.


2. Сейсенбі (Марс). Бұл күні шашын физикалық денсаулығы нашар, өмірі бір сарынды және аздаған батылдық жетіспейтін адамдар қидырғаны жөн. Ал дүйсенбі және жұма күні туылғандарға бұл күні шаш кестіруге болмайды.


3. Сәрсенбі (Меркурий). Бұл күні шашыңызды қидыру арқылы жүйке жүйеңізді қалпына келтіре аласыз. Білімге деген құштарлығыңыз артып, керек адамдармен қарым-қатынас орнатасыз. Есте сақтау қабілетіңіз де жақсарады. Бейсенбі күні туылғандарға бұл күні шаш кестірмеген абзал.


4. Бейсенбі (Юпитер). Бұл күні шашыңызды қидыру арқылы өмірдегі әділеттілік заңын сезінесіз. Мұнымен қатар жүрген ортаңызда беделіңіз артады. Сәрсенбі күні туылғандарға шаш кестіру үшін қолайсыз күн.


5. Жұма (Шолпан). Шаш кесіп, имиджіңізді өзгерту үшін таптырмас күн. Осылайша өміріңізге өзгеріс енгізетін адамдардың қатары да арта түседі. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз ұнаса, бұл күні шаш қидырмағаныңыз жөн. Себебі артық қыламын деп тыртық қылуыңыз ғажап емес. Бұл күні сейсенбі күні туылғандардың шаш қидырмағаны дұрыс.


6. Сенбі (Сатурн). Зақымданған шаштарды қалпына келтіру үшін арналған күн. Мұнымен қатар тағдырға өзгеріс енгізу күші де бар. Бойға сабырлық секілді қасиеттерді дарытып, жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады. Адамның психикасын тұрақтандырады. Сенбі күні жексенбі күні туылғандарға шаш кестіруге болмайды.


7. Жексенбі (Күн). Шаш кестіру үшін барлық жағынан қолайсыз күн. Алдыңызға қойған мәселелеріңіз ұзақ уақыт бойы шешілмей қалуы мүмкін. Әсіресе мұны дүйсенбі күні дүниеге келгендер жақсылап сезінуі мүмкін.


Әдетте ай толған кезде шаш кестірудің пайдасы зор. Шаш қалың әрі жылдам өседі. Ал жігіттер үшін ең қолайлысы жарты ай кезі 


reactor




Көрілген: 2407    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.05.2018, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31