Шаштың түсуі неден болады?

Шаштың түсуі неден болады?

1. Шаштың түсуі С дәруменін көп тұтынудан болуы да мүмкін. Егерде шаш маңдайдан бастап түсетін болса, тәттіні, шырындарды, сүтті, спирт ішімдіктерді ішуді азайту қажет. Бұл сонымен бірге жүректін жұмысында да кінәрат болғандықтын белгісі. Егер де шаш төбеден түсе бастаса малдан алынатын өнімдерді тұтынуды азайтқан дұрыс. Шаштың түсуі мінездің шапшаңдығынан да болуы ғажап емес.
2. Шаштың түсуі оның құрамындағы бояғыш зат – меланин пигментінің мөлшеріне де тәуелді. Қараторы адамдардың шашында пигмент көп болады. Қоңыр – сары шаштыларда – пигмент аздау. Аққұба, сары шаштыларда – пигмент тіпті аз. Егер де шашта темірлі пигмент көп болса, онда ол жирен түсті болады. Онымен бірге шаштың түсуі тұқым қуалайды. Адамның өмір бойы ша- шы түсіп, түлеп, орнына жаңа шаштар шығып отырады. Шаш-тың толық түлеп, жаңа шашпен ауысып отыруына 1 айдан 3-4 жылға дейін уақыт керек. Дені сау адамның шашы айына бір сантиметр өседі. Ал денедегі түктер, қас пен кірпіктің өсуі өте баяу.
3. Жүйке жүйесі титықтап, адам шаршаса да шашы қуаң тартады, өңсізденіп түседі. Ағзадағы зат алмасу бұзылса, түрлі дәрумендер, микроэлементтер, минералды заттар жетіспесе іш құрылысында созылмалы сырқат пайда болып, денсаулық нашарлап, шаш біршама өзгереді. Жасы ұлғайған адамның шашының ағаруы – табиғи құбылыс. 35-40 жас аралығында шашқа ақ түссе, ол – физиологиялық қалыпты өзге-ріс болып саналады.
4. Шаштың түсіп, сиреуі көбінесе шашты дұрыс күте білмеуден де болады. Кейбіреулердің шашын жиі бояитыны белгілі. Содан ол түссізденеді, шашты үнемі қатты байлап, өріп қою,
бигудиді көп қолдану да шаштың түсуіне себеп. Негізінен шаштың бос тұрғаны дұрыс. Солай жасағанда шаш еркін өсіп, жетіледі. Жасанды шашты (парикті) басқа ұзақ кию де зиянын тигізеді. Жасаңды шашты ұзақ кисе, шаш түбіріндегі май бездерінің қызметі бұзыла бастайды. Сол себепті парикті 5-6 сағаттан кейін шешіп қою қажет. Оның астындағы шашты жиі жуып тұрады.
5. Шашты үнемі ыстық немесе суық сумен жуу, ыстықта кептіру, кез-келген бояумен бояу да шаштың құрғап, жиі түсуіне әкеліп соқтырады.

Шаш түспесін деп қолданатын тұнбалар

1. Ошаған түбірін майдалап турап, оның 10-15 грамын 0,5 литр суға салып, 5 минут қайнатып алады. Сонан соң сүзіп, салқындатып, шаштың түбін аптасына 2-3 рет сүртіп отырады.+

2. Бірдей мөлшердегі настурция мен қалақай өсімдіктерін 60 пайыздық спирт ерітіндісіне салып, 10 күн қояды. Соңынан сүзіп, таза ыдысқа құйып алады. Онымен 10-15 күн бойы шаштың түбін күн сайын сүртеді.
3. Ақ қайың жапырағынан бір ас қасығын 20-30 минут қайнатып суға салып, екі сағаттай тұндырып қояды да сүзеді. Тұндырманы шашты жуған сайын басты сүртуге пайдаланады.
4. 50 грамм томар дәріні (черемица) алып, 250 гр спирт пен судың қосындысына салып, қайнатады. Ұзақ қайнағаннан кейін сүзіп алады. Дайын тұндырмамен аптасына екі-үш рет, кейін бір реттен шашты жуар алдында сүртіп отырады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста