Шай ішпесем басым ауырады. Неге?

Шай ішпесем басым ауырады. Неге?

 Шай ішпесе басы ауыратын таныстарыңыз бар шығар. Себебі неде екенін ойланып көрдіңіз бе? Деректерге сүйенсек, шайдың құрамында 300-ге жуық химиялық қоспа кездеседі. Дегенмен, өңдеу барысында оның құрамы бірнеше мәрте өзгеріп, пайдалы қасиеттерін жоғалтуы әбден мүмкін. Сіз қанып ішетін шайға тәтті дәм мен жағымды иіс беретін – эфир майлары. Ол құрғақ шай ұнтақтарында небары 0,006% мөлшерде кездеседі. Эфир майлары керемет иістен бөлек, адам ағзасына бактериялармен күресуге септігін тигізеді. Суық тигенде ыстық шай ішуге деген құмарымыз кенеттен артатыны осыдан болса керек. Шай құрамындағы алкалоидтер – жүйке жүйесін тыныштандыратын ең маңызды химиялық зат. Кофе мен какаоға қарағанда шайда кофеин көбірек кездескенімен, жүрек пен қан-тамырларына айтарлықтай әсер етпейді.

Аминқышқылдарына ыдырап кететін нәруыздың жалпы мөлшері 25%. Соның ішінде 2% ғана құрайтын аминқышқылдары жүйке жүйесі зақымданған аймақтарының қайта қалпына келуіне жағдай жасайды. Мойындаңызшы, стресс немесе депрессия секілді «ауруға» шалдығып, көңіл-күйіңіз мың құбылғанда, жылы көрпені жамылып алып, шай ішуді аңсайсыз ғой. Шайда ең көп кездесетін химиялық бөлшек – полифенолдар илік заттары (дубильное вещество). Ол артериялық қан қысымын реттейтін залалсыздандырғыш әрі ағзаны аурудан қорғаушы элемент. Егер ұзақ уақыт шай ішпеген жағдайда басыңыз ауырса, ағзаңыз қан қысымыңыздың қалыпты жағдайы бұзалғанынан хабар беріп, миға сигнал таратады. Нәтижесінде, шай ішсеңіз ғана басылатын бас ауруы пайда болады. Сонымен қатар, илік заттар ағза қартаюының алдын алады. Қартайғыңыз келмесе, шай ішіңіз... Шай дәрумендерге бай. Шайға тәуелділік кофеиннің кесірінен емес, ағзаңызға витаминнің жетіспеушілігінен туындауы әбден мүмкін. Осындай бай құрамға ие шай көп ғасыр бойына Қытайда емдік мақсатта қолданылған. Бүгінде, шайдың түрі көп: көк шай, қара шай, қызыл шай...

Massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста