Сұрақ-Жауап. Кеңес

Іштегі майды кетірудің ең тиімді әдісі анықталды

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Сан-Луис-Обиспо қаласындағы Калифорния политехникалық университетінің қызметкері, ғылым докторы Кари Пилолла ACSM's Health & Fitness Journal журналында қарынға жиналған майдан қалай тез арылуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.


Күнделікті рационда жасұныққа бай тағамдарды арттырып, қаныққан май мөлшерін азайту қарынға жиналған майды кетіруге көмектеседі, делінген мақалада. Көкөністер, жеміс-жидектер, бұршақ тұқымдастар, дәнді-дақылдарды көбірек жеп, майлы ет, тоқаштар мен жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді рационнан мүлдем алып тастаған жөн. Осылайша тамақтану тәртібі әртүрлі жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуға септігін тигізеді, дейді зерттеуші.


Сондай-ақ, Пилолла қарын майын кетіретін әмбебап "таңғажайып диета" немесе биобелсенді өнім жоқ екенін жасырмады. Ғалымның айтуынша, іштегі майдан арылу үшін дене шынықтырумен айналысу да өте маңызды.


Зерттеуде көрсетілгендей, артық салмаққа душар болған жандарда жүрек-қантамыр аурулары, диабет және метаболизмдік синдромға шалдығу қаупі жоғарылайды.


 Sputnik




Көрілген: 2258    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31