Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тағамдағы көгерген жер несімен қауіпті және оны жеп қойсаңыз не істеу қажет?

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Сіз көктеген тағамды онысын сезбей де тұтынуыңыз әбден мүмкін. Бұл жаман ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа да зиянды. Көбіне мұндай тағамдарды пайдаланғаннан кейін жүрек айну не іш өту белең алып жатады.


Көгергеннің барлығы дерлік қауіпті емес.Көгергеннің өзі қауіпті емес. Көгерген аймаққа түскен микотоксиндер қауіп туғызатыны белгілі. Олар тағамдарда түрлі мөлшерде кездесіп жатады. Алайда көгергеннің барлығы дерлік микотоксиндер түзеді деп айта алмаймыз. Мәселен, ірімшіктің көктеген жерлері ешқандай микотоксиндер тудырмайды. Ал жаңғақтарда адам өміріне қауіпті афлатоксиндер орналасуы мүмкін.


Көгерген аймағы бар тағамды пайдалану бірқатар қиындықтар туғызады. Бір жаманы, көгерген жері сыртқы бетінде емес, ішкі жағында жасырын орналасуы мүмкін. Тағамның зақымдалуы оның қоюлығына да байланысты болып келеді. Мәселен, йогурт секілді сұйық өнімдер тез көгереді.


Әдетте, көгерген жері бар нан денсаулыққа аса зияндық туғызбайды, десе де ағзаны бақылап отырған дұрыс. Жүректің айнуы не іштің өтуі орын алуы мүмкін. Көгерген тағамды жиі тұтыну бауыр мен бүйректің зақымдалуына әкеп соғады. Оларды көп тұтыну тіпті обырды туғызуы да мүмкін.


Белсендірілген көмір көмектеседі.Кім-кімде болсын, көгерген тағамнан кейін (токсинді түрін айтып отырмыз) асқазан-ішек жолдарында жағымсыз белгілер болмаса, белсендіілген көмірді пайдаланбаса да болады. Алайда асқазанда жайсыздық орын алса, белсендірілген көмірдің бірнеше таблеткасын пайдалансаңыз, токсиндерді ағзадан шығаруға көмектеседі. Токсиндерді клизма жасау арқылы да ағзадан шығаруға болады.


Көгерген тағамды балалардың тұтынуы оларда күрделі белгілерді туғызуы ықтимал. Баланың денсаулығын бақылап, қажет болса дәрігерге көрсеткен абзал.


Егер ересек адам көгерген тағамды көп тұтынған болса, медициналық көмек қажет. Науқастан қан талдауын алып, токсиннің мөлшерін бақылап, соған сай дәрігер ем белгілейді. 


reactor




Көрілген: 1042    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 14:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31