Сұрақ-Жауап. Кеңес

Танымал нумеролог 2018 жылы көптеген қақтығыстар күтіп тұрғанын айтты

  • Танымал нумеролог 2018 жылы көптеген қақтығыстар күтіп тұрғанын айтты

    Танымал нумеролог 2018 жылы көптеген қақтығыстар күтіп тұрғанын айтты

 Бірер аптадан кейін күллі әлем жаңа – 2018 жылға қадам баспақ. Бұл ретте, ел тұрғындарын «келер жылдан не күтуге болады?» деген сынды сауал мазалайтыны анық. Осыған орай, NUR.KZ тілшісі белгілі нумеролог Айсұлу Ахимовамен тілдесіп, 2018 жылға қатысты болжамдарын тыңдап қайтты.


Танымал нумеролог Айсұлу Ахимованың айтуынша, 2018 жыл «2» санынан басталатындықтан, энергиясы мол, берекелі жыл болмақ.


«Келер жылдың алғашқы саны 2-ден басталады, яғни бұл сан нумерология ілімінде энергиясы өте мол деп есептелінеді. Жылдың негізінде – данышпандық, дипломатия, әдеп пен рухани баю жатыр. 2018 жылдың артықшылықтарына келер болсақ, оған тамыр-таныстарыңызбен үнемі жылы қарым-қатынаста болу, спортта жетістіктерге жету сынды ерекшеліктерді атауға болады. Ал жылдың негізгі «кемшіліктері» қатарына шамадан тыс эмоцияға берілу, агрессия мен қысым, орындалмаған армандарды жатқызуға болады.


Түсінікті болу үшін, айта кетейін, 2018 жыл адамдар үшін, алдымен қандай да бір іс-әрекет жасап, cодан кейін ғана қорытынды шығарып, қателік жібергенін түсінетін жыл болады.


Ал негізінде бұл жылы адамдарға қандай шешім қабылдаса да, алдымен жан-жақты ойлап, мәселені таразылап алғандарына жөн болады. Яғни, шешім қабылдамастан бұрын, «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» абзал»,- деп түсіндірді белгілі нумеролог.


Сонымен бірге, Айсұлу Ахимова 2018 жылы рух энергетикасының арта түсетінін, нәтижесінде түрлі қақтығыстардың орын алуы мүмкін деген болжам жасады.


«Расымен де, келер жылы түрлі қақтығыстардың көбею қаупі төніп тұр. Сондықтан, қандай мәселе орнаса да, оны бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешкен жөн болады. Тағы бір айта кетер жайт, егер адамдар өздерін рухани тұрғыда дамытқысы келсе, 2018 жыл олар үшін өте қолайлы жыл болмақ.


Жалпы, 2018 жылы адамдарға қандай бастамаларды қолға алған жөн?


Бұл жылы адамдар өз-өзінің болмысына қарама-қайшы келетін әрекеттерден аулақ болып, түрлі қиын жайттарды басынан кешкенде барынша суыққанды болуы тиіс. Адамдар Құдайға деген сенімдерін жоғалтпай, өз-өздерін жетілдірулері керек», - дейді танымал нумеролог.


Белгілі нумеролог, сонымен қатар, 2018 жылы тұрғындарды отбасылық қарым-қатынаста не күтіп тұрғанына тоқтала кетті.


«2018 жылы отбасылық қарым-қатынаста кикілжіңдердің орын алуына жол бермеген абзал. Себебі, бұл санда ақыл мен ашу бір-бірімен сәйкес келмейді.


Адамдар көп жағдайда өздерін шығармашылық тұрғыда дамытуға, оқу мен медитация, мәселен, спорт, йога, рухани дамуға көп көңіл бөлулері керек. Ал, өздерін рухани тұрғыдан дамытқан жандарды қаржылық табыс күтіп тұр», - деді отандық танымал нумеролог.


NUR.KZ




Көрілген: 1499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31