Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тәртіп бұзғандарды фото-видеоға түсірсе сыйақы беретіні рас па?

  • Тәртіп бұзғандарды фото-видеоға түсірсе сыйақы беретіні рас па?

    Тәртіп бұзғандарды фото-видеоға түсірсе сыйақы беретіні рас па?

Тәртіп бұзғандарды фото-видеоға түсірсе сыйақы беретіні рас па? Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


"Тәртіп бұзғандарды фотоға, болмаса видеоға түсір де, Ішкі істер органдарына жібер. Ал біз сыйақы төлейміз!". Әлеуметтік желіде тараған осындай ақпарат тұрғындарды таң қалдырып қана қоймай шамбайына қатты тиген сыңайлы. Желі қолданушылары ғаламторда наразылықтарын ашық білдіріп қана қоймай, алдағы уақытта енгізілуі мүмкін деген мұндай бастаманы мазақ етіп те үлгерді.


Дәл осы ақпарат интернетте желдей есіп, соңғы аптада қызу талқыланғаны рас. Әзілмен елді қарық қылып жүргендер тіпті күлкілі видео түсіріп үлгерген.


- Сен мында не істеп тұрсың?

- Жұмыс қой, жұмыс!

- Қандай жұмыс?

- Осылай отырып айыппұлдарды жазамын. Қандай ақша төлейтінін білесің бе? Айыппұлдан сыйақы бөліп береді. Бәрі тәртіп бұзады. Бір күнде коммуналдық төлемді жауып тастадым. 3 күнде несиемді төлеп тастасам деп отырмын.


Қоғамда болып жатқан мәселелерді байқап, тамырын дәл басып пікір білдіретін блогер Яков Федоров көпшіліктің «бұл қолға алынбақ бастаманы әзілге айналдыруы негізсіз емес» дейді. Соңғы жарты жылда тіркелген атышулы жайттардан кейін халық Ішкі істер органдарның әрбір ісіне тіксіне қарайды екен.


ЯКОВ ФЕДОРОВ, БЛОГЕР:

«Полиция мәселелерді өз күшімен шеше алмағандықтан халықтан сұрамақшы осы қосымшамен. Сол себепті менің ойымша бұл ақшаны халыққа емес, қосымшаны пайдаланатын адамдарға емес қарапайым полицейлерге беру керек. Өйткені олардың ақысын көтерсе оларда парақорлыққа ниеті болмайды».


Ашық ақпарат көздерінде жарияланған деректерге сәйкес салынған айыппұлдың 40 пайызын сыйақы ретінде берілсе фото не видео жіберер ме едіңіз деп тұрғындардан да сұрап көрдік.


«Кей адамдар бар мұндай жағдайда ақша керек адамдар бір адамның артынан жүгіріп именно сол адам туралы келеңсіз ақпараттар жинауы мүмкін. Осы жағынан заң органдары жақсылап қараса дұрыс болады».


«Бұл мәселеге келгенде байқау керек. Біріншіден, қаражат тапқысы келетіндер көбейіп кетуі мүмкін. Екіншіден, бір ғана жоба қоғамның өзін екіге бөліп түсініспеушіліктердің көбеюіне әкелуі де ғажап емес».


«Кейбір адамдар қарсы болуы мүмкін. Себебі, ол әр адамның жеке өміріне араласу деген сияқты. Сондай мағынада түсінуі мүмкін».


Жалпы, қауіпсіз қоғамды қалыптастыру тек ішкі істер органдарының ғана мүдделі мақсаты болмауы керек. Заңгер Ахметжан Бейсенбеков осы ойын ортаға салды. Тіпті еліміздің құқықтық тәжірибесінде мұндай әдіс тың жаңалық емес, дейді.


АХМЕТЖАН БЕЙСЕНБЕКОВ, ЗАҢГЕР:

«Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарда сыйақы төлеу тәжірибесі бар. Егер де сол логикаға сүйенетін болсақ, неге әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты әрекеттерде, ұзақ бұзақылыққа қатысты әрекеттерде осы тәжірибені қолданбасқа деген орынды сұрақ туындайды.


Ішікі істер министрлігі «Құқық бұзушылықтар туралы фото және бейне материалдар үшін азаматтарға сыйақы төлеу басталды деген хабарлама шындыққа жатпайды» -деп отыр. Бірақ, мұндай идеяның алдағы уақытта енгізілуі мүмкін екенін жасырмады.


АЛМАС САДУБАЕВ, ҚР ІІМ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Министрлік ІІМ жаңғырту аясында арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Бұл мобильдік қосымшада азаматтардың заң бұзушылықтар туралы фотосуреттер мен бейнематериалдарды сыйақы үшін жіберу қызметі қарастырылады. Нақтылақ айтатын болсақ, бұл мәселе қаралу үстінде. Осындай мобильдік қосымшаны іске қосу бір күнде бітпейді. Барлық заңнаманы талдап, тиісті нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу қажет».


Мейлі, мұндай жоба қолға алынсын делік. Сонда айыппұлдың бір бөлігін сыйақы ретінде алатын азаматтың статусы қандай болмақ? Кәсіпкер? Белсенді? Ол сол табысы үшін салық төлей ме? Мамандардың пікірінше, министрлік аталған идеяның шикі тұстарын реттеп алмай, қолданысқа енгізсе дау туындайтыны анық. Ал ол кезде қоғам алдында жауап беру керек болады.




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 12:49
    АДАМНЫҢ ҒҰМЫРЫ ЖАЙЛЫ
    26 Қаңтар, 15:21
    Сен кімсің?!
    25 Қаңтар, 15:03
    Батасыз өнбейтін 5 іс
    17 Қаңтар, 11:17
    Ұлағаты мол 7 ұстаным

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28