Сұрақ-Жауап. Кеңес

Темекіні тастаудың тиімді жолы табылды

  • Фото: REUTERS

    Фото: REUTERS

АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде Скотт Халперн (Scott Halpern) жетекшілік ететін ғалымдар тобы шылым шегуден бас тартуға электрондық темекілер көмектеспейтінін анықтады. Зиян әдеттен бас тартудың тиімді жолы – ақша ұсыну болып шықты. Мамандардың осы мәселені зерттеген мақаласы New England Journal of Medicine журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


CBS News басылымы таратқан ақпаратқа сүйенсек, зерттеуге темекі шегетін алты мыңға жуық адам қатысты. Олар денсаулығын сауықтыру бағдарламасы аясында бірнеше топқа бөлінді және әр топқа темекіден бас тарту әдісі тағайындалып, бақылауға алынды.


Бірінші топқа салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы мотивациялық ақпараттар айтылды; екіншісіне никотин пластырлар мен фармацевтикалық препараттар, мысалға варениклин берілді; үшінші топтағыларға электронды темекі ұсынылды. Соңғы екі топқа қосымша 600 доллар беріп отырды. Егер алты ай бойы темекіден арылмаса, онда ақшадан айырылып қаласың деген шарт қойылды.


Сонда жай көмек ұсынылған топтың тек 0,1 проценті ғана темекіні тастаған. Ал басқа топтарда 0,5 және 3 процент аралығында болады. Ең жақсы көрсеткіш ақша алып отырған қатысушыларға тиесілі. Айта кетерлігі, бұл шығынды өз қызметкерлерінің темекі тастағанын қолдайтын ірі компаниялар өтеді.




 




Көрілген: 1416    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31