Сұрақ-Жауап. Кеңес

Төсек қатынасы кезінде әйелдер не ойлайды?

  • © Drytac.pl

    © Drytac.pl

Осы бір назды қылығымен баурайтын нәзік жандылардың жатын бөлмедегі жайылған жар төсегінде не ойлайтындығын көпшілігіміздің біле бермейтіндігіміз ақиқат. Мұны білуге әр еркек құштар екені де жасырын емес. Тіпті нәзік жандылардың өзі кейде не ойлап жатқандарына есеп бермейді екен деп жазады Zharar.com.kz


Сонымен, төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе нені ойлайды екен?


Бұл сауалдың ер-азаматтарды әбден қызықтыратындығы сөзсіз.


Психологтардың жүргізген әлеуметтік сауалнамаларына сүйеніп мынадай тұжырымға келуге болады. Бір қызығы - әйелдердің көпшілігі жан алысып жан берісіп жатқан махаббат ойындарына өздерінің сыртқы пішіндерінің бұзылмауын көп ойлайтын көрінеді: мәселен, жыныстық қатынас кезінде шашым ұйпалақтанып қалмай ма? Бетімді әрлеген бояуларым ағып кетіп макияжым бүлінбей ме? Осындай ойға беріліп жатқанын сезіп қалсаңыз «жаным, сен сондай әдемісің» деп қойыңыз.


Ерімен бірнеше жыл некеде тұрып отасып келе жатқан әйелдердің ойы мұндай ләззатты шақтарда да күйкі тірліктің шырмауынан шыға алмайтынға ұқсайды. Олардың ойлайтыны: күйеуімнің киімін үтіктеп үлгере аламын ба? Балалардың мектепке апаратын тамағын әзірледім бе? Тағы басқа да осы тұрғыдағы ойлар.


Ал енді жас қыздарды мұндай ұсақ-түйектер тіпті де мазаламайды. Олар тек төсектес серігіне қалай жағуды ғана ойлайды. Олардың көкейлерінде бір ғана сауал: «мен осы қандаймын, мына жігітке ұнауым мүмкін бе?» дегенге ғана саяды.


Бірақ сайып келгенде осындай ойлардың тән қызығы кезінде түкке де қажеті жоқ дейді маман психологтар. Төсек тояты кезінде еркек пен әйел бар дүниені ұмытып бір — біріне ынтызар сезіммен құлай берілуі тиіс. Олардың арасында жасырын сыр болмауы керек. Мұндай кездері төсек қатынасында түрлі тәсілдерді қолданғанның да артықтығы жоқ. Ер адам бұл жағынан тәжірибелі болса әйелді өзімен бірге еліктіріп әкете алса сезім шыңын бағындыру да оңай.


Алайда қаперге алатын жай мұндайда еркектің бұл қимылын дөрекілік не әбестікке санап ықылассыз суып қалатын әйелдерде бар. Сондықтан, шабыт қимылына енер шақта әйелді аялап аймалап жатып не қалайтынын сұрап білген артық емес. 


sn.kz




Көрілген: 1367    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 15:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30