Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тойып алып ұйқыға жатпаңыз

  • Тойып алып ұйқыға жатпаңыз

    Тойып алып ұйқыға жатпаңыз

Мен таяуда «Жұмадағы жүздесу» деген газеттен белгілі кинорежиссер Еркін Рақышевпен сұхбатты оқыдым. Бұл мақаладан көп ой түйдім, сосын оқырмандармен ой бөлісуді шештім. 


Еркін інім денсаулыққа қатысты үлкен мәселе көтеріпті. Ауырмайтын жол іздеудің қамын қарастырып, оны жүзеге асыру жолдарын ұсыныпты. 


Жалпы, Е.Рақышев бұған байланысты жоспарын бұрынғы Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға да көрсеткен екен. Министр оны қолдапты, бірақ тағы да жетілдіре түсу керек деген кеңес беріпті, кейінірек қаржылай қолдауға уәде етіпті. Бірақ кейін ол кісінің қызметі ауысып кетті. Е.Рақышев болса, қазіргі министрге кездесе алмай жүр екен. Ал бұл мәселе туралы кейбір сала басшыларына жолығып, айтқанынан түк те шықпапты. Өйткені олар әңгімені жүре тыңдайды екен, түсінбейді, түсінгісі де келмейтін болар бәлкім. Өздерінің қолынан жоба жасау келмейтін болса, Рақышевтің жобасын неге қолға алып, іске асырмайды екен деген ойға қалдым. 


Е.Рақышев осы сұхбатында өзінің жүрек дертімен науқастанып, екі мәрте ауруханаға жатып шыққанын айтқан. Сол кезде дәрігерлер оған бұрын-соңды қалыптас­қан жаттанды ем түрлерін қолданыпты, үйіп-төгіп дәрі жазып берумен болыпты. Еркін ол дәрілердің ағзаның басқа мүшелерін ауру ететінін дәрігерлердің тіпті де ойламайтынын өкіне атап өткен. 


Е.Рақышев жүрек-қан тамырларының неліктен тарылатынын, қанның неге қоюланып кететінін, қан айналымының неліктен нашарлайтынын терең зерттеу керегін айтады. Осы дертке қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің бүйрек, бауыр, асқазан­ға да зиянсыз, тиімді жақтарын ойластыру қажеттілігін аса маңызды мәселе деп қарау­ды ұсынады. 


Әрқандай аурудың алдын-алу, әрине, адамның өзіне тікелей байланысты. Әсіресе дұрыс тамақтануға аса мән беру керек. Аталарымыз «Ауру – астан...» деп неге айтқан? Әрине, осы дұрыс тамақтанбаудан, ретсіз ішіп-жей беруден абайлау керегін меңзегені анық. 


Дұрыс тамақтану дегеніміз – бірінші кезекте тамақты тек қажет кезінде ғана ішіп-жеу, асқазанға артық салмақ салмау жағын күнделікті қаперде ұстау. Міне, осындай тәртіпті қатаң ұстанған адамның денсаулығы жақсы болады, ауыра қалса да оған осы тәртіп дертінен айығуда жақсы көмектеседі. 


Осы орайда өзімнің де өмірден түйгенімді айта кетсем деймін. Қазір жасым 77-де. Соңғы жылдары мені де түрлі аурулар айналдыра бастаған болатын. Өттің қоюлануы, асқазан қыжылы, буындар сырқырауы сияқтылар үйреншікті жайға айналған еді. Мұның бәрі, әрине, қан айналымының нашарлығынан, қанның қоюлануынан, асқазан­ға артық салмақ түсуінен екені сөзсіз. Оған қоса денені тұз басуы көптеген қиындықтар әкелді. 


Содан тамақты көп жемеу арқылы асқазан қыжылынан құтылдым. Кәдімгі су жүйесінің суын бірнеше сағат тұндырып алып, соны күні бойы ішіп жүремін. Бойдағы біраз тұздан арылдым. Майлы, қуырылған тамақ атаулыдан мүлде бас тарттым. Бүгінде көкөніс, жеміс-жидектерді көбірек тұтынып жүрмін. Асқазан жұмысы жеңілдеп, жақсы болып қалды. 


Жалпы, тамақты тоя жемеу денсаулыққа аса пайдалы екен. Әсіресе кешке, ұйқыға жатар алдында тыңқия тойып алу дегенді қою қажет. Кешкі тамақты ұйқыға жатардан төрт-бес сағат бұрын ішкен жақсы. Осыны ұмытпаңыздар демекпін. 


Айдарбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ


www.zamana.kz




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

жұма, 31.08.2018, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31