Тісіне пломба қойған адамның ғұсылы толық бола ма?

Тісіне пломба қойған адамның ғұсылы толық бола ма?

Ғалымдар тістерді пломбалау, белгілі металмен қаптау дұрыс, деп пәтуа берген және ол жайында нақты дәлел-дәйектер келтірген.

Арфажә ибн Асғад (оған Алла разы болсын): «Жаһилият заманында Кулаб оқиғасы күні мұрным жарақаттанды. Сонда күмістен мұрын жасап алдым. Ол сасып кетті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған мұрнымды алтыннан жасап алуды бұйырды»,-деген[1]. Ғалымдарымыз осы хадис негізінде, кез келген ағзаға зиян жетіп, орнына жасанды зат қою қажеті туғанда, оны алтыннан қою дұрыс, деп пәтуа берген. Бұл барысында имам Тирмизи: «Ілім иелерінен бірнешеуі алтын тіс салғызғандықтары риуаят етілген»,-деген.

Абдулла ибн Амрдың (оған Алла разы болсын) әкесінің тісі түскенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны алтынмен бекітіп алуды бұйырған екен[2].

Абдулла ибн Убай ибн Салул: «Ухуд күні тісім түсіп қалды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған оны алтыннан жасап алуды бұйырды»,-деген[3].

«Кейбір адамдар, жасанды алтын тіссауыты бар адамның нағызғы тісі алтынның астында қалып, ғұсыл және дәрет алғанда, оған су жетпей қалады, деген пікірді айтады. Бұл жайында ғалымдарымыз: «Біріншіден, аталмыш тіссауыт жәбира[4] орнына өтеді, су тимесе де ештеме етпейді. Ал, тіссауыт дәретті хәлде қойылса, ондай жағдайда таласудың өзі орынсыз» деп жауап берген. Ислам дінінің қағидасы бойынша, денсаулыққа зиян жеткен жағдайда қажеттілікке байланысты оның жеңілдік жағы қарастырылады. Құранда: «Ол (діні үшін) сендерді таңдады және дінде сендер үшін ешбір қиындық жасамады»[5], – делінген. Демек, шариғатта қажеттілікке байланысты қарапайым жағдайларда рұқсат етілмеген істер мақұлдануы да мүмкін екенін көріп тұрмыз. 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста