Тұрғын үй қорына құжаттарды қалай тапсыру қажет?

Тұрғын үй қорына құжаттарды қалай тапсыру қажет?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға 2019 жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны аралығында тізімге сәйкес құжаттарын жаңарту қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құжаттарды Астана қ., Алматы ауд., Р. Қошқарбаев даңғ., 39 үй (М. Жұмабаев даңғылынан кіру) мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не бекітілген кестеге сәйкес тапсыру қажет.

Толық ақпарат Мекеменің ресми интернет-ресурсында: Zhilfond.kz (сайт) Zhilfond_astana (instagram) КГУ Жилищный фонд г.Астаны (facebook)

Жаңартуға қажеті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын куәліктері;

3) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәліктері, некеде тұрмайтындығын растайтын нотариалды куәләндырылған өтініші;

5) өтініш беруші, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамасы;

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;

7) өтініш берушінің ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабында көрсетілген санатқа жататындығын растайтын құжат;

8) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтамасын және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынады.

 24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста