Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түркістан облысының тұрғындары құжатын ауыстыруы қажет пе?

  • Түркістан облысының тұрғындары құжатын ауыстыруы қажет пе?

    Түркістан облысының тұрғындары құжатын ауыстыруы қажет пе?

Әділет министрі Марат Бекетаев Түркістан облысы тұрғындарына құжаттарға қатысты мәселені түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ведомство басшысы таяуда Президенттің Шымкентке және Түркістан облысына берген статустарына байланысты Әділет министрлігінің қосымша шығын қарастырмайтынын айтып өтті. "Бөліну бойына дайындық жұмыстары басталды. Біз басқа да мемлекеттік орган сияқты жарлықпен танысып, дайындық жұмыстарын бастап кеттік", - деді Марат Бекетаев брифинг барысында. Бекетаевтің айтуынша, облыс атауы өзгерілгеннен кейін облыс тұрғындарына қандай да бір құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ. "Ештеңені ауыстырудың қажеті жоқ. Заң бойынша, барлық паспорт пен барлық құжат күшін жоймайды", - деді Марат Бекетаев. Сондай-ақ, әділет министрі Түркістан облысының пайда болуына байланысты мемлекеттік сот орындаушылардың бір бөлігі сол өңірде жұмысқа тұра алатынын айтып өтті. Еске сала кетейік, 19 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Түркістан облысы пайда болатыны жайлы заңға қол қойған еді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, Президенттің Түркістан облысын құрып, Шымкентті республикалық маңызы бар қала ретінде бекіту туралы шешімі тарихи оқиға болып саналады. Сонымен қатар, осыған дейін қаржы министрі Түркістан облысының бюджеті жайлы айтып берген болатын.

 




Көрілген: 906    Пікірлер: 0

жұма, 22.06.2018, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30