Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түрмедегі бір адамды асырау үшін бюджеттен жылына 877 мың теңге жұмсалады

  • Түрмедегі бір адамды асырау үшін бюджеттен жылына 877 мың теңге жұмсалады

    Түрмедегі бір адамды асырау үшін бюджеттен жылына 877 мың теңге жұмсалады

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында 27 мың қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Оның 6 мыңы уақытша ұстау изоляторында жатыр деп жазады ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитетіне сілтеме жасап.


Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, сотталған және тергеуге байланысты қамалған адамды бір күн асырау үшін соңғы мәліметтер бойынша 2,4 мың теңге, жылына 876,9 мың теңге жұмсалады. Еңбекке жарамдылардың ішінде 72,2 пайызы жұмыс істейді. Олардың барлығы айлығын алып отыр. Олардың орташа айлығы шамамен 22-30 мың аралығында. Атқарылған жұмыс еңбек өтіліне есептеледі.


Сотталғандардың айлығы ақшаны уақытша сақтаудың қорытынды басқару есебіне (ҚБЕ) аударылады. Барлық төлемдер мен аударымдар сотталғандардың өтініші бойынша ҚБЕ-ден қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. ҚБЕ-ден банк карточкасына айлық тек қауіпсіздігі минималды мекемелерде қамалғандарға ғана аударылып отырады.Барлық облыстар мен түзеу мекемелерінде «Еңбек» РМК филиалдары жұмыс атқаруда. Қамалғандар жұмыс кезінде металл өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, тоқыма бұйымдарын өндіріп, күзет және видеобақылау жүйесінің инженерлік-техникалық саймандарын монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің субъектері тартылады.


Осы жылдың басынан бастап 251 бизнесмен өндірістік алаң сенімгерлік басқаруын мойнына алып, осының арқасында 3 мың сотталған адам жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге, тағы 9 бизнесмен ағаштан кәдесый жасау, етік тігу, ұлттық бұйымдарды әзірлеу бағытында жеке өндірісін жолға қойып алған.




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.04.2018, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30