Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы

  • Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы

    Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы

Адам күніне 7-8 сағат ұйықтауы тиіс. Осы қағиданы көпшілік бір ұйықтағанда 7-8 сағат ұйықтау керек екен деп түсінеді. Осы норманы күндіз және түнде деп бөлу керек. Мысалы, 5-6 сағат түнде ұйықтасаңыз, қалған уақытты күндізгі уақытқа қалдырыңыз. Себебі, түс мезгіліндегі ұйқы:

Зейінді ашады


Соңғы зерттеулер бойынша, таңда 20 минут ұйықтағанға қарағанда, түстен кейін 20 минут ұйықтаған пайдалырақ екені дәлелденген. Мысалы, NASA агенттігі ұшқыштар мен ғарышкерлердің түс мезгіліндегі 20 минуттық ұйқысы жұмысқа деген қабілетін 34%, ал зейінін 100% арттырғанын байқаған. Тіпті, аз ұйықтаған кезде, түс көрмесеңіз, уайымдамаңыз. Сіз түс көру үшін емес, сергек болу үшін, зейіннің оянуы үшін көз іліп алатыныңызды ұмытпаңыз.


Күйзелісті жояды


Күндізгі ұйқы ағзадағы күйзелістен бөлінген гормондардың көлемін азайтады және эмоционалды күштен қорғайды. Егер тыныққыңыз келсе, тыныш әрі қолайлы жер таңдаңыз.


Жүрек ауруларын азайтып, қысымды бірқалыпта ұстайды


Ғалымдар еш жеріңіз сыр бермесе де, күндіз бір рет көз шырымын алу керек дейді. Себебі, бұл – болашақ сау өмір кепілі. Күндізгі уақытта 15-20 минут көз іліп алуды дағдыға айналдырсаңыз, қан қысымыңызды бір реттілікке келтіреді әрі жүрек ауруларын 37% азайтады. Сонымен қатар, ағза жасушаларының қалпына келуіне көмектеседі.


Есте сақтау қабілеті артады


Ғалымдар ұйқыдан оянған адамның миын құрғақ ыдыс жуғышқа (губка) теңейді. Яғни, құрғақ ыдыс жуғыш суды тез сіңірсе, тыныққан ми да ақпараттарды тез қорыта алады. Сондықтан, оқушылар мен студенттердің күндіз бір рет тынығып алғандары дұрыс. Әрине, дәріс үстінде емес. Бастысы – өз-өзін тежеу. Күндіз ұйқы қанғанша 2-3 сағат ұйықтау кері әсер етеді.


Физикалық белсенділікті арттырады


Түстен кейін 20 минут ұйықтап алу спортпен және фитнеспен белсенді түрде айналысатын адамдарға міндетті түрде қажет. Тіпті, түнде 8 сағат ұйықтап жүр деген күннің өзінде, түскі уақытта көз ілу шаршауды басады, күннің екінші бөлігіне белсенділік сыйлайды.




massaget.kz




Көрілген: 1880    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 11.09.2017, 13:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 13:08
    Алу үшін беру керек
    22 Қазан, 16:28
    Алдымен өзіңді түзе
    27 Қыркүйек, 14:07
    Ақша көбейтудің 4 тәсілі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30