Сұрақ-Жауап. Кеңес

Туысқаныңызбен байланысты түбегейлі үзгіңіз келе ме? Бұл қалыпты құбылыс, неліктен екенін айтамыз

  • Туысқаныңызбен байланысты түбегейлі үзгіңіз келе ме? Бұл қалыпты құбылыс, неліктен екенін айтамыз

    Туысқаныңызбен байланысты түбегейлі үзгіңіз келе ме? Бұл қалыпты құбылыс, неліктен екенін айтамыз

Сіз өзіңіздің туыстарыңыздың біреуін жек көресіз және сіз оның өз өміріңізде болмағанын қалайсыз ба? Бұл өте қалыпты жағдай, неліктен екенін айтамыз. Адамдар қандай жағдайларды қиналыспен өткізеді? Әрине, барлық адамдар әртүрлі, түрлі эмоцияларға ие, бірақ туыстарыңызбен (әсіресе жақын адамдармен) ажырасу өте ауыр әрі күрделі.


Отбасылық неке… Ол адамдар арасындағы ең мықты байланыс болып саналады, біз кей кездері жараның аузын қатты тырнап та жатамыз. Сіздің отбасыңыз— әрдайым сіздің жаныңыздан табылатын, көмектесетін, сізді ешқашан қалдырмайтын, сізге ауырлық салмайтын адамдар.


Алайда кей кездері шындықтың бетіне тура қарауға тура келеді, сіздің айналаңызда да жақын туыс болса да, сіздің жан дүниеңіз үшін қауіпті адамдар кездесіп жатады, оларсыз сіздің өміріңіз мәнді көрінетіндей сезінесіз.


Отбасы бұл ең құдіреттісі деп бала кезден үйреткен дүниелерді ескере отырып, ол адамдардың сізге рухани кедергілер келтіргенін көре тұра, шыдамдылық танытуыңыз дұрыс болмас.


Сізге жұлдызы қарсы отбасы мүшесін анықтау қалай жүруі мүмкін? Бұл ретте сізге қауіпті адамдарды анықтаудағы 5 белгі көмекке келе алады:


1. Оларға сенуге болмайды. Ешқандай мәселеде.Сіз өзіңіздің туысқаныңыздан оны қалай істеу керектігі туралы кеңес сұрасаңыз, немесе, мысалы, сіз оған өз қорқынышыңыз пен күмәніңізді айттыңыз делік. Алайда ол адам сізді сатып, бәріне осы құпияңызды жайып салуы ықтимал. Сіз үшін бұл сатқындық өте ауыр, себебі бұл құпияңызды таратқан адам сіздің туысыңыз, бір туғаныңыз.


2. Олар сізді олай да, бұлай да сынға алғыш келеді. Сын былайша алғанда жаман емес - тек бейтарап немесе мейірімді және сындарлы болса ғана. Бірақ үнемі келеке етуші «сындар» адамның өзіне деген сенімін бұзатыны және бар. Есіңізде болсын – үнемі сынап-мінеуге дайын тұратын, сіз істеп жатқан нәрселерге риза бола алмайтын туыстарыңыздан мүлде аулақ жүргеніңіз азал.


3. Олар Сізден бір нәрсе өзіне қажет болғанда ғана жаныңыздан табылады. Мұндай туысқан үнемі сіздің жаныңызда жүруі де мүмкін, өзіне керек кезде сізді пайдалануы ықтимал. Әдетте, сіздің кеңесіңіз немесе эмоционалды қолдауыңыз қажет болғанда ол сіздің жаныңызда болуы мүмкін, өзіне қажеттіні алып алған соң ізім-ғайым жоқ болуы әден мүмкін. Ал егер сізге оның көмегі, қолдауы қажет болса, сізге мүлде уақыт таба қоймайды. Олар сіздің қажеттіліктеріңізге қол үшін беруден бас тартқанымен қоймай, өзіне жүгінгеніңізді өзгеге жайып, сізді ұятты етуден де жалықпас.


4. Олар жақсы әңгімеден жаман ниетті әңгімеге тез ауып кетеді. Олар сізді елдің көзінше айыптап, кінәлап, қателігіңізді көрсетіп сөйлеуі мүмкін, сізден көз ала мақтай жөнелуі де ықтимал. Олар өзін елемегенді ұнатпайды, сондықтан барлығына дайын келеді, керек кезде сізді мақтай да жөнеледі. Алайда бұл мақтауы ұзаққа бармай, артынша баяғы жағдайға қайтып оралады.


5. Олар бетіңізге қарап тұрып өтірік айтады. Мұндай адамдар туысқандарыңыздың бірі олай айтпағандығын айтқан күнде де, тіпті өзіңіз де бұлай болмағанын біле тұра, «газлайтинг» деп аталатын психологиялық күй арқылы сізді басқаруға тырысады. Дәл осы техника арқылы басқарушы күдік дәнін сеуіп, сізді дәрменсіз халге түсіргісі келеді.


Егер сіз айналаңызда осындай туысыңыздың бар екенін байқасаңыз, сіздің рухани жай-күйіңіз үшін олар қауіпті екенін ұққаныңыз абзал. Зиян адамдар мейлі туысыңыз болсын, мейлі досыңыз болсын, сізге жаман әсер қалыптастыратыны айқын, және де олар жаңыңызда жүрсе, ісіңіз алға баспайтыны да ақиқат, осыны біліп қойыңыз.


Мұндай адамдармен алыстан амандасып жүрген жақсы, шама келсе тіптен байланысты үзген де дұрыс.


Ал егер мұндай адам сіздің ең жақын әкеңіз не анаңыз болса, тіптен қиын. Жағдай бір қалыпты күйге түспей, бақытты, еркін өміріңіз әп сәтте қол жетпейтін, мүмкін емес өмірге айналса ше... мұндай адамды өміріңізден мүлде алып, сызып тастаудан басқа амалдың болмасы анық.


Алайда мұндай адамның өзін өміріңізден сызу сізге ауыртпалық, сенімсіздік әкелетінін де ескертеміз, болған іске өзіңізді кінәлі деп есептеуіңіз де мүмкін.


Сіз өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдай білуіңіз керек. Жүрекке ауыр тиюі де түсінікті жағдай, өйткені жақыныңыздан былай айырылу әрине ауыр.


Бірақ, сізге төндірер қаупі бар адамдармен араласпай кеткеннен кейін сіздің өміріңіз бірден керемет арнаға бұрылады деп есептеу де қателік. Адам жаман аурудан бір күннің ішінде айығып кетпейді, мұны сонымен салыстыруға болады.


Және де махаббат пен эмоционалды қолдауды тек қана туыстардың бермейтіндігін білгеніңіз дұрыс. Мұндай көмекті сіз достарыңыз бен сүйіктіңізден де ала аласыз. Өз айналаңызда сізге деген ниеті адал, ақ, таза жандарды жинаңыз сол кезде сіздің өміріңіз ерекше болады.


Өзіңіздің жетістігіңізді де ойлаңыз! Сіз бұған лайықтысыз!




Дереккөзі: moimozg.ru


reactor.inform.kz




Көрілген: 1372    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31