Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тұздың тағы бір қаупі анықталды

  • Тұздың тағы бір қаупі анықталды

    Тұздың тағы бір қаупі анықталды

Америкалық ғалымдар тамақ ішкенде тұзды жиі пайдалану ішектердің жұмысын бұзатынын анықтады. Сондай-ақ, ол адамның танымдық деңгейінің шектелуіне әкеп соғуы мүмкін. Зерттеу материалы Nature Neuroscience басылымында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Мамандар үш апта бойы үздіксіз тұзды қолдану эндотелий жасушасының жұмысын нашарлатып, мидағы қан ағымын азайтып, танымдық дамуды шектейді, тек қан қысымына әсер етпейді деген мәлімдеме жасады.


Тұзы көп диета ішектегі Т-хелперов 17 жасушалардың және интергекин-17 молекуласының санын көбейтеді. Ғалымдардың айтуынша, қан ағымында интерлейкин-17 құрамының өсуі мидағы қан айналымына кері әсер етеді.


Зерттеушілер мұндай қорытындыны тышқандарға жасаған сараптамасынан кейін шығарды. Алынған нәтиже адамдарға да сәйкес келеді. Кеміргіштер дұрыс тамақтану режиміне ауысқан кезде тұзы көп диета өз әсерін жоғалтпаған.


Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне бес грамнан артық тұз қолданбауға кеңес береді. Егер әр адам дәл осындай көрсеткішке жетсе, онда жыл сайын 2,5 миллион адамның өмірін құтқарып қалуға болады.


Ұйымның ақпаратына сүйенсек, әлемдегі адамдардың жартысынан көбі натрий хлоридін 80-140 пайыз артық қолданады. Артық тұз ағзаға көбіне нанмен, құрғақ таңғы аспен және дайын аспен тамақтанған кезде түседі.




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.01.2018, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31