Үлгілі отбасы болуға 8 кеңес

Үлгілі отбасы болуға 8 кеңес

Бақытты отбасы өздігінен орнай салмайды. Оған екі жастың еңбегі мен маңдай тері ауадай қажет. Ендеше, өзгелер қызыға да қызғана қарайтын отбасы болу үшін не істеу керек?
1. Сабырлылық. Ашу – дұшпан, ақыл – дос деген. Қандай қиын жағдай болмасын, сабырлылық танытып, қиыншылықты бірлесіп жеңуге тырысу керек. Қасиетті Құранда сабырлыларға аса үлкен сый бар екені айтылған.

2. Мейірімділік. Жылы сөз жан жылытар, ал қатыгездік екі жанды алшақтатып, жек көруге алып келеді. Бұл тұрғыда адамдардың асылы – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге үлгі болып табылады.

3. Сырласа білу.

4. Түсіністік. Белгілі бір мәселені шешуде ашуға емес, түсіністікке жүгінген дұрыс. Ол барлық мәселелерді шешудің кілті.

5. Қаржылық мәселелер. Жасыратыны жоқ, ұрыс-керістің көбі осы ақшамен байланысты болып жатады, тіпті кейбір отбасылар ажырасуға дейін барады. Сондықтан, қай ақшаны қайда жұмсайтындарыңызды, керек жарақты түгендеу сияқты сұрақтарды ерлі-зайыптылар бірлесіп шешкені дұрыс. Менің ақшам, менің айлығым деген ұғым отбасында мүлде болмауы тиіс.

6. Сыйластық. Сыйластық сүйіспеншілікке алып келеді, ал сүйіспеншілік бақытты отбасы болудың кепілі.

7. Еркіндік. Әр адам – жеке тұлға. Сондықтан жұбайлар отбасылық мәселелерге байланып қалмай, өзін-өзі жеке тұлға ретінде дамытуға, көңілі қалаған іспен айналысуға құқылы. Бұл жерде еркіндік деген әркім өз білгенін істеуге болады екен деген сөз емес. Керісінше, бір- біріне қолдау көрсетіп, рухани дамуына мән беру керек деген сөз.

8. Алға мақсат қою. Әрбір іске Алла қаласа деп жақсы ниетпен кірісу, жоспарлар жасау, балаларға жайлы өмір сыйлау – ата-ананың басты міндеттерінің бірі. 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста