Сұрақ-Жауап. Кеңес

Үй жағдайында алтын әшекейлерді қалай тазалауға блады?

  • © kakchistim.ru

    © kakchistim.ru

Алтын – әдемі әрі бағалы металл. Оған үнемі күтім керек. Ол жарқырап тұру үшін оны қалай тазалау қажет?


Сары алтыннан жасалған әшекейді қалай тазалау керек?


1 стақан суға 1 шай қасық нашатыр спиртін, 1 ас қасық жуғыш зат (кір жуғыш ұнтақ немесе сұйық сабын) қосып, араластырыңыз. Қайнатып, ішіндегі заттар толық ерігенге дейін күтіңіз. Содан кейін сол суға алтынды салып, 1-2 сағатқа қойып қойыңыз. Содан кейін алтынды ағынды суға шайып, кептіріңіз.


Ақ алтыннан жасалған әшекейді қалай тазалау керек?


Ақ алтынды абайлап тазалау қажет. Бірдей мөлшерде су мен нашатыр спиртін алып, бірнеше тамшы жуғыш зат қоссаңыз болады. Қоспаны жақсылап араластырыңыз. Алтынды осы қоспаға салып, бір сағатқа қойып қойыңыз. Содан кейін таза сумен шайып, сүртіңіз.


Тасы бар алтынды қалай тазалау қажет?


Егер сіздің әшекейіңізде қымбат тастар болса оны тазалау қиындау болады. Себебі су тигенде кейбір тастар түсін жоғалтып, қараюы мүмкін. Мұндай заттарды тазалау үшін құлақ тазалайтын таяқшаны немесе тіс шұқығышты алып, басына мақта орап, одекалон сеуіп сонымен тастарды абайлап тазалаңыз. Ал алтынның өзі спирт қосылған ерітіндіге малынған жұмсақ матамен сүртіп, содан кейін таза сумен сүртіңіз. Содан кейін кептіріңіз. 


reactor




Көрілген: 683    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 12:49
    АДАМНЫҢ ҒҰМЫРЫ ЖАЙЛЫ
    26 Қаңтар, 15:21
    Сен кімсің?!
    25 Қаңтар, 15:03
    Батасыз өнбейтін 5 іс
    17 Қаңтар, 11:17
    Ұлағаты мол 7 ұстаным

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28