Сұрақ-Жауап. Кеңес

Үй сатып аларда нені білу керек?

  • Үй сатып аларда нені білу керек?

    Үй сатып аларда нені білу керек?

Кез келген үйді сатып аларда оның тарихын білген жөн. Кейін келеңсіз жағдайлар болмас үшін оны міндетті түрде тексеріп алу керек. Егер сатушы алаяқ болса, аяқ астынан мұрагерлер пайда болуы да мүмкін.

Қателік жібермеу әрі күманданбау үшін пәтер иесі мен оның сатушының құжаттарын мұқият қарау керек. Сонымен, қалай, қайдан және нені тексеру керек?


1. Пәтер иесі

Пәтерді иесі немесе мұрагері ғана сата алады. Сондықтан, сатушының шынымен пәтер иесі екенін анықтау керек. Мұндай ақпарат Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу қорының мәліметінде бар.


Мынаған мән беру керек:


Егер өтініште бірнеше иеленуші болса, онда олардың пәтерді сатуға келісімі қажет. Олай болмаған жағдайда, бұрынғы иелерінің бірі пәтер сатылған соң өз құқығын талап етуі мүмкін. Сот мұндай келісімді жарамсыз деп таниды.

Егер пәтер иесі үйленген немесе некеде тұрған болса, жұбайының келісімі қажет.

Сондай-ақ, үйдің меншікке айналған арнайы құжаттары пәтерді сатушыда болу керек. Олар: сату, мұрагерлік, жекешелендіру және айырбастау келісім-шарт құжаттары.


2. Пәтердің бұрынғы құжаттары

Оны тексеру үшін сатушыдан үй туралы ресми толық мәліметті қайдан алуға болатынын сұраңыз. Сол арқылы бұған дейін пәтерге ие болған адамдар тізімін көруге болады.


Қазіргі пәтер иесін тексеріңіз. Егер жыл бойы схема бір-біріне жалғаса берсе, алаяқтар ісі болуы да мүмкін. Олар жалған құжат жасайды. Сақ болған жөн.


3. Сенімхат

Егер сатушы пәтер иесі болмаса, нақты пәтер иесінің сенімхаты керек. Мұнда заңға қарсы ештеңе жоқ. Бәрін мұқият тексеру керек.


Алаяқтар нақты иесі іссапарда болған кезде өтірік сенімхат жасап, пәтерін сатып жібереді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін сенімхаттағы қолды үйдің келісім-шартымен тексеріп алған жөн.


Кейде алаяқтар мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан да пәтер сатады. Сот мұндай кезде пәтер иесінің жағдайына сай сатылым шартын жарамсыз деп таниды. Бұған жол бермеу үшін пәтер иесіне хабарласып, наркология және психиатр маманның анықтамасын сұратқан дұрыс


4. Тіркеу

Пәтерде осы уақытқа дейін кімнің тіркеуде тұрғаны үй кітапшасында жазылады. Пәтер сатып алу кезінде үйдің атына тіркеуге өтпеңіз. Бірақ, пәтерді сатушыларды тіркеу есебінен алып тастау шартын көрсетуге құқығыңыз бар.


Егер мұны тексермесеңіз,белгілі бір жағдайға күмәндандасаңыз адвокатпен байланысу керек.


5. Кепіл

Пәтердің ипотека емес екенін тексеру керек. Бұл ақпаратты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алуға болады.


Сатушы және оның жұбайының банкрот болған-болмағанын да тексеру керек. Оны аралық соттың шешімінен білуге болады.


6. Мұрагерлік

Мұраға қалған үйді сатып алу қауіпті. Аяқ астынан туысқандар пайда болып, сотқа арыз беруі мүмкін. Сондықтан, үш жыл өтпеген мұрагерлікке берген пәтерді сатып алмаңыз. Жақын туыстары пайда болып, өз құқығын талап етеді.


7. Құжаттар

Сатушының құжаттарын тексеріңіз. Жеке деректерді, тіркелу мекен-жайына мән беріңіз. Егер тіркелген мекен-жайлар көп болса, бірден адвокаттың көмегіне жүгіңіз. Бұл – өте маңызды.


Қажетті кеңестер

Келісім-шарт бойынша пәтердің толық бағасын көрсетіңіз.

Егер сатушы әр түрлі себептермен пәтер құнын төмендетуді ұсынса, келіспеңіз. Ал бірдеңе дұрыс болмаса, сіз келісім-шартта көрсетілген соманы ғана қайтара аласыз.


2. Күдіктенсеңіз – заңгерге жүгініңіз.


Пәтер сатып алу қиын. Егер қандай да бір мәселе бойынша күмәніңіз болса, бірден заңгерден сұраңыз.


3. Келісім-шартты сақтандырыңыз.


Сақтандыру компаниялары сатып алу кезінде бірден барлық құжаттарды сақтандыруды ұсынады. Бұл кез келген жағдайда тиімді әрі қауіпсіз. Егер сатып алу кезінде бірдеңе дұрыс болмаса, ақшаңызды қайтарып алуға мүмкіндігіңіз мол. 




Көрілген: 1611    Пікірлер: 0

сенбі, 21.04.2018, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31