Сұрақ-Жауап. Кеңес

Үй шыбыны өте қауіпті бактерияларды жұқтырады – ғалымдар

  • Үй шыбыны өте қауіпті бактерияларды жұқтырады – ғалымдар

    Үй шыбыны өте қауіпті бактерияларды жұқтырады – ғалымдар

Шыбындар адамдарға қауіпті өте бактерияны жұқтырады. Мұндай қорытындыны Пенсильвания штаты университетінің, Наньян технологиялық университетінің, Рио-де-Жанейродағы Федеральді университеттің және тағы да жеті жоғары оқу орнының ғалымдары шығарды. Мақала Scientific Reports журналына жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.


Ғалымдар Оңтүстік және Солтүстік Америка, сондай-ақ Еуразия құрлығында ұсталған 116 етті және бөлмелік шыбындарға талдау жүргізді. Нәтижесінде, бактериялардың көбі шыбындардың табаны мен қанаттарында сақталатынын анықтады.


Үйде жүретін шыбындар басқаларға қарағанда өте қауіпті болып шықты. Етті шыбындар 316 қауіпті микроорганизм жұқтырса, бөлме шыбындары 351 түрін тасымалдайды екен.


Зерттеушілер жәндіктің Helicobacter pylori бактериясын тарату көзі болуы мүмкін деп отыр. Бұл бактерия асқазанның созылмалы ауруларын, ішек ауруларын, тіпті асқазанның ісік ауруын туғыза алады.


Биологтардың айтуынша, шыбындардың бактерияларды тасу мүмкіндігінің жақсы жағы да бар. Олар эпидемиялардың алдын алуда қажетті деректерді жинауға көмектеседі.


«Кейбір шыбындар экологиялық тасымалдаушы ретінде қызмет ете алады. Олардың соңғы болған жерін білу арқылы, вирустың қайдан шыққанын анықтауға болады. Қоршаған ортаның жай-күйі мен тұрғындардың денсаулығын қадағалау мақсатында, сот медицинасында шыбындарды қолданамыз», - деп жазылған зерттеуде.




Көрілген: 573    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 27.11.2017, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31