Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ыстық шайдың белгісіз пайдасы анықталды

  • Ыстық шайдың белгісіз пайдасы анықталды

    Ыстық шайдың белгісіз пайдасы анықталды

Америкалық ғалымдар күнде ыстық шай ішу адамның глаукома ауруына шалдығу қаупін 74 пайызға төмендетеді деген қорытынды шығарды. Зерттеу British Journal of Ophthalmology журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.


Кофе, салқын шай, кофеинсіз шай және басқа да алкогольсіз сусындар глаукоманың пайда болуына әсер етпейді. Диабет пен темекі шегу осы ауруға әкеп соғуы мүмкін.


2017 жылы жүргізілген сауалнамадан кейін 1678 адамның көзі тексерілді. Олардың 84-інде (бес пайызында) глаукоманың алғашқы белгілері байқалды. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардан соңғы жылы қаншалықты жиі және қандай мөлшерде кофеині бар немесе жоқ сусын ішкені сұралды.


2016 жылы маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ісік ауруын зерттеу халықаралық агенттігі күнделікті ыстық сусындарды (кофе, шай) ішу денсаулыққа зиян деген мәлімдеме жасаған болатын.


Ал, глаукома көру жүйкесінің зақымдануына әкеп соғатын көз ішіндегі қысымның көтерілуінен пайда болады. Бұл ауру әлем бойынша соқырлыққа апаратын себептердің бірі. Қазіргі таңда 57,5 миллион адам глаукомамен ауырады. 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 65,5 миллионға дейін өсуі мүмкін.




Көрілген: 1022    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 15.12.2017, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31