Сұрақ-Жауап. Кеңес

Зейнетақы қорына қандай кірістен жарна аударылады

  • Зейнетақы қорына қандай кірістен жарна аударылады

    Зейнетақы қорына қандай кірістен жарна аударылады

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қандай кірістен зейнетақы жарнасы аударылатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың тапқан табыстарынан ғана төленеді. Мәселен, кәсіпорын жұмысшылары үшін тапқан табысы оның жалақысы, жеке кәсіпкер үшін - бұл тікелей кәсіпкерлік қызметтен алынған кіріс, жеке нотариустар үшін - бұл олар көрсеткен қызметтен түскен табыс саналады. Ал өтемақылы шарт (азаматтық-құқықтық шарт деп аталады) негізінде заңды немесе жеке тұлға үшін жұмыстардың немесе қызметтердің белгілі бір түрін орындайтын азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарнасы аталған жұмыстарды немесе қызметтерді (жеке мүлкін сатудан емес) орындау нәтижесінде алынатын кірістер төленеді», – деп жазды вице-министр Facebook-тегі парақшасында. Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңының 25-бабында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарнасы айлық табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленгенін еске салып өтеді. «Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес ағымдағы жылдың 14 шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойыша табыс алатын жеке тұлғалар, сонымен қатар адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотаристер, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемге жататын табысынан өз пайдасына міндетті зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады», – деп жазады ол. Сонымен қатар ол азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт аясында алынған жеке тұлғалардың табысы ретінде азаматтардың орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметі нәтижесінде алынған табысы айқындалғанын атап өтеді. «Осыған орай Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында қабылданған түзетулерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі. Қаулы жобасы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі мен мерзімін де айқындауды қарастырады. Бүгінгі күні жоба мүдделі мемлекеттік органдармен, сарапшылық кеңестермен және аккредиттелген ұйымдармен келісу процедурасынан өтуде», – деді Светлана Жақыпова. Еске сала кетсек, «Зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заңға өзгерістер енген болатын. Заңға сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар зейнетақы төлемін жасауға міндеттелген еді. 




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.07.2018, 20:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31