Алаш үні

Әжетхана алдына төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды (фото)

  • Әжетхана алдына төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды (фото)

    Әжетхана алдына төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды (фото)

Алматыдағы қоғамдық әжетхана алдында төселген Абайдың суреті салынған кілемше елдің ашуын тудырды. Ұлы ақынның суреті аяқтың астында жатыр. Сурет Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған.


Бұл сурет желі қолданушыларының ашуын тудырды.


Олардың айтуынша, бұл Алматыдағы қоғамдық әжетханалардың бірі. Ол Мұстафин мен Біржан сал көшелерінің қиылысындағы "Орбита" сауда үйі мен базар маңында орналасқан болуы мүмкін.


Өзге желі қолданушылары суретті жасанды деп атады. Олардың айтуынша, бұл фотошоп бағдарламасы арқылы елді дүрліктіру үшін жасалған.


«Меніңше, бұл - фотошоп. Саналы адам мұндайға бармайды деп ойлаймын. Қоғамдық әжетхананың алдына кілемшені кім төсейді?", - деді олардың бірі.


Дегенмен, қазақстандықтардың көбі бұл жайттың сорақылық екенін атап айтты. .


«Мұны істеген адамды адам деуге ұят. Олай болмайды ғой. Ол біздің ұлы тұлғамыз. Қаншама ұрпақ оның ұлы шығармаларымен өстік. Масқара", - деп жазды олар. 




Көрілген: 899    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сенбі, 01.04.2017, 13:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 14:07
Алашшыл азамат
12 Шілде, 11:51
Генерал жолы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30