Ақтауда Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

Ақтауда Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

Ақтауда Тәуелсіздің күні қарсаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биіктігі 5 метр, ені 3,3х3,6 болатын мүсін "Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

"Абай ескерткішінің ашылуы қала тарихындағы маңызы өте зор оқиға. Ақынның өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысты. Бүгінде "Адамзаттың Абайы" атанып кеткен кемеңгер ақынның атындағы көшелер мен ескерткіштері елміздің түкпір-түкпірінде, тіпті, әлемнің біраз қалаларында бар. Лондонда Абай үйі, Каирде, Берлинде, Киевте, Бішкек, Баку, Нью-Делиде ақынға көшелер берілсе, Ташкент, Мәскеу, Тегеран, Бейжің мен Будапешт сияқты әлемнің көптеген қалаларында есіл ердің еңселі ескерткіштері мен мүсіндері орнатылған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебесі жаңа биікке көтерілумен келеді", - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар аймақ басшысы жаңа "Ақ Қала Молл" сауда ойын-сауықтық кешенінің ашылуына қатысты.

23 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимаратта 17 мың сауда орны, гипермаркет, фудкорт, бес залды кинотеатр, 2 қабатты қамтитын 2,5 мың шаршы метрлік балалар паркі және аумағы 350 шаршы метрлік болатын Қазақстандағы ең ірі контактты зообақ ашылмақ. Жаңа форматтағы сауда ойын-сауық орталығында биіктігі 23 метр болатын сарқырама орнатылады. Сауда орталығында 300 орындық жерасты автотұрақ болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста