Алаш үні

Алаш арыстарын тек қана жазушы немесе ақын қылып көрсету - үлкен саясат

  • © ult.kz

    © ult.kz

Кез келген мектеп оқулығын ашып қарасаңыз, көзіңіз мынаған түседі. Ахмет Байтұрсынұлы – жазушы, ақын, Міржақып Дулатұлы – жазушы, ақын, Мағжан Жұмабаев – ақын және жазушы, Ілияс Жансүгіров – жазушы, ақын және т.б. Жалпы кез келгені. Яғни, тек қана публицистикалық қызметтері толықтай айтылады да, негізгі саяси қайраткерлік қызметтері айтылмайды. Айтылса, ешкінің құйрығындай тым қысқа ғана.


Неге олар Ахметті қазақтың бас филологі, Ахаң болмаса бәлкім көптеген тілі құрып кеткен халықтар ұқсап қазақтың тілі де өліп қалатындығын ашық айтпайды. Неге Ахаңды «тіл патшасы» ретінде суреттемейді?! Неге олар Мағжанның алғаш рет психология ғылымын зерттегенін, алғаш болып қазақ топырағында педагогика еңбегін жазғанын айтпайды, яғни Мағжан неге осы тұрғыдан дәріптелмейді?!


Неге Міржақыптың «Оян,қазақ!» туындысы тек қана өлең ретінде дәріптеледі? Шындығына келгенде ол тұтастай бір идеологиялық ұран және қазіргі кездегі көптеген концепциядан кем түспейтін ұлттық көзқарас еді.


Қазір бейбіт заманда ұран тастау оңай ғой, ол заманда ұран тастау - өлім. Сондықтан неге Міржақып ұлт идеологі ретінде мадақталмайды?! Менің ойымша Алаш арыстарын тек қана жазушы немесе ақын қылып көрсету - үлкен саясат. Өйткені олардың басты еңбектері қазақ қоғамына кітап жазып қалдыру емес, шынайы тәуелсіз ету еді. Олар кітап жазғаны үшін емес, қайтсем қазақты азат етемін дегені үшін атылды. Ал бұл шындықты қалайша қазіргі кей жандар айта алсын. Өйткені өздері Алаш арыстарының тырнағына да татымайды.


Сондықтан олар Алаштықтарды қоғамға тек публицист етіп суреттеуге мүдделі. Менің көңілім осыны ойлаған сайын құлазиды.


Асхат Қасенғалидің фейсбуктегі жазбасынан 


ult.kz




Көрілген: 2842    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.06.2017, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30