«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Алаш жолы» атты кітабы жарық көрді. Аталған кітапта автор Алаш қозғалысы мен Алаш идеясы туралы пайымдарын, яғни қазақ елінің ұлттық мұрат-мүддесін қорғау жолында өмірге келген қоғамдық құбылыстарға байланысты өз тұжырымдарын оқырман назарына ұсынған. Алаш идеясымен сусындаған аталған туынды ХХ ғасырдың түрлі кезеңдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар арасындағы өзара логикалық байланысты ұтымды баяндауымен бағалы. 

Әсіресе жастарымызға қажетті тарихи танымдық туынды – «Алаш жолы» кітабы көпшіліктің көңілінен шығары анық. Бұл белгілі публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің ғылыми әрі публицистикалық еңбегінде жалпы өткен ғасырдың басындағы бұрқ етіп көтерілген Алаш қозғалысының эволюциялық даму үрдісі мен оның бүгінгі күнге берер тағылымы таразыланған. Және де «Алаш қайраткерлері кімдер?» деген сұраққа жауап табарыңыз да анық. Атап айтқанда, Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтардан бастап, сол кезде енді ғана ақыл тоқтатқан жас толқын ізбасарлары да қамтылған.


Автор Алаш тақырыбын жіті саралауға тырысқан. Зерттеудің бір тұсында: «Бұған қоса Алаш қозғалысының нәтижесінде пайда болған I Жалпықазақ сьезін Мұстафа Шоқай «ұлы түркі халықтарының мызғымас бірлігін көрсететін сахынаға айналды» деп баға береді» дейтіні бар. Халық қамы мен ел бірлігі үшін, әділеттілік пен жасампаздық үшін арпалысқан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатовтардай жайсаңдарымыздың көздеген мақсат-мұраттары да, идеялары да іштей астасып жатқандығын көрсетеді. Күллі қазақтың, барша түркі әлемінің тұтастығын армандаған Мұстафа Шоқай қалай дегенде де өз замандастарымен қанаттас еді.
Енді кітаптың құрылымына аз-кем тоқталсақ. Төрт тараудан тұратын еңбектің «Алаш қозғалысы hәм Алаш идеясы» деп аталатын бірінші тарауында тақырып ғылыми-публицистикалық тұрғыдан талданады. Ондағы «Қазақтың саяси пікірінің тарихы –қазақ жастарының тарихы...» деп аталатын бірінші бөлімінде Алаш қозғалысы тарихи тұрғыдан таразыланса, «Алаш идеясы: Қандай идея?» деп аталатын екінші бөлімде Алаш идеясы философиялық тұрғыдан зерделенеді. Ал «Алаш орда» Үкіметінің мүшелері, Алаш арыстары, Алашшыл жастар атты екінші тарауда Алаш қайраткерлерінің өмірбаянына жеке-жеке тоқталады. «Алашқа қызмет» атты үшінші тарауда автор тақырыпқа сай Алаш мәселесінде атқарған нақты істерінен хабар беретін жобаларды, құжаттарды, хаттарды т.б. топтастырған. Бұдан автордың тек аталған тақырыпта тек зерттеуші ғана емес, Алаш мәселесінің нағыз білгірі әрі насихаттаушысы екенін аңғартады. Және де «Ұлтым деп соққан жүректер» деп аталатын соңғы тарауда автор кешегі Алаш қайраткерлерінің ізбасарлары іспетті бүгінгі ұлт ісіне бей-жай қарай алмайтын ағалары туралы мақалаларын ұсынған.


«Ұлтқа қызмет ету – ұлы іс» екенін Алаш қайраткерлерінің ұлт үшін атқарған қызметін белгілі публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Алаш жолы» атты кітабынан қарап отырып анық көзіміз жетеді. Бұл еңбектен Алаш қозғалысын, Алаш орда үкіметінің қызметін білсем, зерделесем, тоқысам, үйренсем деген көзіқарақтыға, әсіресе жастарға алар ғибрат жетіп артылады.
Кiтап Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясына 100 жыл толуына арналып шығарылып отыр. Мың дана таралыммен жарық көрген аталған кітап Алаш қайраткерлерінің суреттерімен безендірілген. Еңбек Алаш идеясына қызығушылық танытқан барша оқырманға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста