Алаш үні

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жаңа кітап жарық көрді

  • © sputniknews.kz

    © sputniknews.kz

Астанада Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясына 100 жыл толуына орай "Алаш жолы" кітабы жарық көрді. Бұл туралы кітап авторы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген хабарлады.


Аталған кітапта автор Алаш қозғалысы мен Алаш идеясы туралы пайымдарын, яғни қазақ елінің ұлттық мұрат-мүддесін қорғау жолында өмірге келген қоғамдық құбылыстарға байланысты өз тұжырымдарын оқырман назарына ұсынған. Алаш идеясымен сусындаған аталған туынды ХХ ғасырдың түрлі кезеңдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар арасындағы өзара логикалық байланысты ұтымды баяндауымен бағалы.


Әсіресе жастарымызға қажетті тарихи танымдық туынды – "Алаш жолы" кітабы көпшіліктің көңілінен шығары анық.


Бұл белгілі публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің ғылыми әрі публицистикалық еңбегінде жалпы өткен ғасырдың басындағы бұрқ етіп көтерілген Алаш қозғалысының эволюциялық даму үрдісі мен оның бүгінгі күнге берер тағылымы таразыланған.


Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтардан бастап, сол кезде енді ғана ақыл тоқтатқан жас толқын ізбасарлары да қамтылған.


Кiтап Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясына 100 жыл толуына арналып шығарылып отыр. Мың дана таралыммен жарық көрген аталған кітап Алаш қайраткерлерінің суреттерімен безендірілген. Еңбек Алаш идеясына қызығушылық танытқан барша оқырманға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.


Sputnik




 




Көрілген: 1443    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31