Алаш үні

Алашшыл азамат

  • http://alashainasy.kz/

    http://alashainasy.kz/

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден».


Әлихан Бөкейханов.


Ертістің Кереку өңірінде ұлты мен жұрты үшін қызмет еткен зиялы қауым өкілдерінің бірі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, профессор Т. А. Еңсебаев еді.


Тілеукен Ахметұлы өз мамандығы инженер-электрик бола тұра, Алаш қайраткері, технолог-экономист Әлихан Бөкейханов, теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаев секілді шынайы ел тарихын жазу, шежіресін жинақтау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақша оқулықтар дайындау мәселелерін жүзеге асыруға бел байлады. Сөйтіп, егемендік кезеңінің алғашқы жылдарында ПМУ-дың энергетика факультетінде техникалық ғылымдар бойынша пәндерді мемлекеттік тілде оқытуды қолға алды, энергетика саласы бойынша тұңғыш орысша-қазақша түсіндірме сөздігін дайындады.


Тілеукен Еңсебаевтың «Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер. Бірінші бөлім. Көне дәуірден ХХ ғасырға дейін» (Павлодар, 2001. – 235 б.), «Историческое прошлое кыпчаков Евразии: Очерки истории средневековых кыпчаков» (Павлодар: ПГУ, 2002. – 159 с.), «Военное искуство кыпчаков в эпоху средневековья» (Павлодар: ПГУ, 2003. – 153 с.), «Этапы военной колонизации Павлодарского Прииртышья царской Россией» (Өлкетану. – 2002. - №1. – С. 27) тәрізді зерттеу еңбектері компартия идеологиясына негізделген кеңестік тарихи әдебиеттерді алмастырып, жас ұрпақтың санасында отаншылдық, мемлекетшілдік, ұлтшылдық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.


Т.А. Еңсебаев – 6 кітаптың, 20 оқу құралының, облыс энциоклопедиясына енген 200-ден аса ғылыми мақаланың авторы, 7 ғылыми мақалалар жинағының редакторы, 20 ғылыми-есепті еңбектің редакция алқасының мүшесі болды.

Тілеукен Ахметұлы шежірешілдікпен кәсіби шұғылданған маман шежіреші ретінде де жұртшылыққа танылды. Оның еңбектерінде этностардың тарихы, аңыз-әңгімелері, мәдениеті, салт-дәстүрі, мекені, саны, белгілі тұлғалардың өмірбаяндық мәліметтері қоса беріледі, сонысымен құнды. Ол жинақтаған қазақ тайпаларының, қырғыз руларының шежірелері, «Хандар, сұлтандар, төрелер шежіресі» түрлі баспасөз беттерінде жарық көрді. Бұл жарияланымдар кейін өзге авторлар құрастырған біршама шежіре кітаптарының өзегіне айналды, кейбірінің ауқымды бөлігін құрады. Оның өз аталары қазақтың қырғыз руынан еді. Бір өкініштісі, Төкеңнің қанша дүниесі жарық көрмей қалды, белгісіз.


Т. А. Еңсебаев техника ғылымдарының кандидаты бола тұра кеңестік тарихты көзсіз құрметтейтін тарих ғылымдары кандидатымен ымырасыз пікірталасқа түсіп, мерейі үстем шыққаны есімізде. 2000 жылы жергілікті патшашыл-кеңесшіл топ тарапынан Павлодардың іргетасы Ресей империясы әскерлерінің бекінісі ретінде қаланғанына 280 жыл толуын салтанатпен тойлау мәселесi көтерілгенінде мұның – отаршылдықты дәріптейтін саяси шара екенін қала әкіміне ғылыми негіздеп дәлелдеп берді!

Сондағы қайраткерлігін жергілікті тәуелсіз орыстілді басылымдардың бірі Тілеукен Еңсебаевтың озбырлығы сияқты көрсетіп, өзін аяусыз сынап мінеді! Бұған ол әншейін мырс етіп күлді де қойды. Шындығында, Төкеңнің өте мәдениетті, жайсаң мінезді, жан дүниесі жарық адам екеніне ешкім шүбә келтірген емес.

Тәңірдің жазуы шығар, 1947 жылы Қарағанды қаласында туған Төкең Керекуде белгілі ғалым, қоғам қайраткері дәрежесіне жетті, бірақ зейнет жасына жете алмады. Зайыбы Зеннат Қуантайқызы екеуі балалары Шолпан мен Айдыннан туған немерелерін қызықтай бастаған шақта дүниеден озды.


Осы жылдың тамыз айында Тілеукен Ахметұлының туғанына 70 жыл толады. Сол мерейлі күнге орай Павлодар қаласының басшылығы мен ел азаматтарына айтар өтініш: белгілі ғалым, ҚР Халық ағарту ісінің құрметті қызметкері Тілеукен Еңсебаев тұрған бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнату және тарих, этнография, этнолингвистика, генеалогистика, ономастика, өлкетану мәселелеріне арналған таңдамалы еңбектерінің жинағын жарыққа шығару істері қолға алынса екен.


Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуі екенін, жат идеологиялардың әсеріне өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере алатынымызды атап көрсетті. Ал Тілеукен Ахметұлы өзінің қажыр-қайраты мен білімін ұлттық сананың кемелденуіне және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағыштаған Алашшыл азамат еді ғой...


Арман ҚАНИ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Павлодар қаласының құрметті азаматы.


 




Көрілген: 2192    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 26.07.2017, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 14:07
    Алашшыл азамат
    12 Шілде, 11:51
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30