Алаш үні

«АЛЖИР» лагерінде тұтқында болған ақтөбелік әйелдердің естеліктері көпшілікке жарияланды

  • © Aktobenews.kz

    © Aktobenews.kz

28 әйелдің қылмыстық істерімен кез келген тұрғын таныса алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Әділетсіз сотталған әйелдердің қылмыстық істері мен фотосуреттері Ішкі істер департаментінің мұрғатынан алынды.


Бұл көрмеде Ақтөбе жерінен «АЛЖИР» лагеріне аттанған 28 әйелдің тағдыры туралы ақпарат жарияланды. Олардың ішінде «АЛЖИР» лагерінде 8 жыл жазасын өтеген Ментай Даукенованың тағдыры туралы мәлімет алуға болады. Ол өз естелігінде тұтқындағы әйелдердің 600 түп алма ағашын отырғызғанын жазды. Олар сол ағаштарды аш аңдардан, аяздан қорғаған. Себебі лагер басшылығы «егер алма өскіндері көктемге аман жетпесе, атамыз» деп қорқытатын болған.


«Ақтөбедегі ІІД ақпараттық-аналитикалық орталығындағы арнайы мемлекеттік мұрағатта барлығы 13 мыңнан астам қылмыстық іс сақталған. Олардың 9 мыңнан астамы ақталғандардың ісі, 600-ден астамы — ақталмағандардың, ал 2 мыңнан астамы — Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс басқыншыларының лагерлерінде болған азаматтардың ісі. Жылына 100-ден астам адам өздерінің ата-бабалары, әкелері, туған бауырлары мен туыстары туралы ақпарат алу, қылмыстық істерімен танысу мақсатында бізге сұраныс білдіреді. Біз 2014 жылдан бері көпшілікке осы материалдарды қолжетімді еттік. Бұл, әрине, ауыр да болса, әрбір адамның тағдыры, ел тарихы. Жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қарсаңында біз көрме ұйымдастырып, түрлі шаралар өткіземіз. Тарихты білудің келер ұрпақ үшін маңызы зор», — деді көрмені ұйымдастыруға үлес қосқан Ақтөбе облысы ІІД ақпараттық-аналитикалық орталығының қызметкері Алмагүл Ізбасарова.




Көрілген: 1030    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 16:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30