Алып тас мәдениетіне қатысты жұмбақ сырлар

Алып тас мәдениетіне қатысты жұмбақ сырлар

Тасты тұлға еткен ерте заманның ескі жұрттары дүние жүзінің жер-жеріне таралып орналасқан, оның көпшілігінің құрлыстары орасан зор, формалық тұлғалары ерекше ғажап, олар туралы аңыздар да таңғажайып, терең мағыналы. Олардың елден ерек мәндері адамдардың назарын барған сайын көптеп аударуда. Он мыңдаған жылдардан кейінгі ел-жұрт олардың сырын жорамалдап әуре-сарсаң болуда.

Лондонның 140 км. Батысындағы Солисбурида диаметрі 30 метрлік шеңбер жасап тұрған бір топ алып қада тастар бар, ел оны “Алып тастар шебі” немесе “Тас шеңбер” деп атасады, ал жергілікті тұрғындар “Төбеден төнген тастар” деп атайды.

Алып қада тастардың биіктігі 5-10 метрдей, орташа салмағы 25-30 тонна келеді, тастардың үстіне жоян мәтшалық тастар қойылып, төтенше сәнді шарбақ қорған қалыптастырған, екі таяныш, бір маңдайшалық тастан құралған есіктің кәсегі (Төрт бұрышы) секілділерінен бесеу бар, оның ішіндегі ең биік біреуінің салмағы 50 тонна келеді. Тастар шебінің көлемі зор, құрлымы керемет, инженериясы кесек, мәні терең. Жуырдағы 10 жылдан бері әр жаз сайын күн тоқыраудың алды-артында сансыз қаламгерлер, оқымыстылар, бақсы-балгерлер, саяхатшылар, тіпті сал-серілер мен қаңғыбастар бқл араға қаптап келеді. Олардың кейбіреулері сейілдеп саяхаттайды, кейбіреулері ұзақ ойға шомады. Кейбіреулері бақсы-балгерлік істейді, кейбіреулері күндіз-түні сауық-сайран құрады. Бұлар ең көп болған кездері 30 мың адамнан асады. Қызық-думан ғаламат болады.

Сонда бұл тастар тегі не нәрсе? Мұны ешкім дәп басып білмейді. Бұл қалай жасалған? Бұған ешкім де жауап бере алмайды.

Радиоктивті изотоптармен тексеріп тұрақтандыруда бұл ұлы құрлыс мөлшермен б.з.д. 3100 жылдың алдында бастап салына бастаған, орташа салмағы 25-30 тонна келетін қаракөк кесек тастар мен құм қорамды тау жыныстары 30 км. және 200 км. Алыстағы тас майдандарынан тасып әкелінген.

5 мың жылдың алдындағы қауымдық қоғамдағы, құрал-сайман дөрекі, халық саны аз болған тұста мұншама күрделі ауыр тас қазу, оны тасу, тіктеп қою, көлденең мәтша етіп орнату секілді міндеттерді орындау да адам күші, құрал-сайман, техника жақтарында қаншама техника жақтарында қаншама зор жолығары айытпасада түсінікті!

Ал, оның неменеге пайдаланылатындығы жөнінде әр кім әр алуан жорамалдар айтуда: кейбіреулері оны соғысты еске түсіруге арналған десе; кейбіреулер оны ханның қабірі дейді; енді біреулер оны діни қимыл орыны деп қарайды. Алайда, бұл сөздердің осы теңдесіз үлкен тас діңгектер тобына қатысы қаншалықты дегенге ешкім жауап бере алмайды.

200 қанша жылдың алдында оның астрономиялық мәніне назар аударушылар болған.

“Алып тас шебінің” басты оқ желісі жазда күн тоқыраған кезде күн шығатын тұсты көрсетіп тұрса, олардың ішіндегі екі тастың (93-94 номерлі) жалғану желісі қыста күн тоқыраған кезде күн бататын тұсты көрсетіп тұрады. ХХ-ғасырдың басында ағылшын астрономия ғалымы Лекейл зерттеуден кейін: “Алып тас шебінің” дәл ортасында тұрып қарасаң, 93-ші номерлі тас 5 айдың 6 күні және 8 айдың 8 күні күн бататын тұсты көрсетеді, ал, 91-ші номерлі тас 2 айды 5 күні және 11 айдың 8 күні күн бататын тұсты көрсетеді деп жариялады. Ол осыдан барып:алып тастар шебі бір жылды сегіз ауарайындық маусымға бөлетін жыл есебін көрсетеді деп жорамал жасады.

1960-шы жылдары Оксфорд университетінің профессоры Ходгинс электрондық есептеу машинасы арқылы барлық тастарды жалғастырып тұрған 20700 түзу сызықтың мәнін есептеп шығып, ең соңында осы тастар шоғыры астрономиялық жыл есебін межемен көрсетенін «есептеу машинасы» екен, ол күн мен айдың сәулесін жылжымалы бөлшек еткен, оған тастың көлеңкесін сәйкестірген, сөйтіп төтенше қарапайым әрі төтенше сенімді жыл есептеу меже тәртібін ұйымдастырған, діңгек пен діңгек арасындағы тұтастыру сызығы мен тас есіктен түскен ай сәулесі жыл есебіндегі мәлім бір мезгілдің белгісін қалыптастырған, ал тас терезе мен тас есіктен түскен күн-ай сәулесі күннің тұтылуын, айдың тұтылуын қатесіз дәл көрсеткен деген тұжырымға келеді.

Адамның зейіні жетпейтін жайыт: 5 мың жылдың алдында ағылшын аралдарында жасаған алғашқы адамдар осы заманғы астрономия жетік электрондық есептеу машиналарын қолданғанда ғана әрең орындай алатын міндетті осындай жай тастарды пайдаланып орындауды қалай білгендігі?

Францияның батыс бөлігіндегі Британ өлкесінің Морбиан өңірінде Карнак дейтін ауыл бар. Ауылдың айналасындағы егінжайда атыз аралап келе жатқан айбынды жауынгерлер тізбегі сияқты тізілген қатар-қатар алып тастар бар. Бұл алып тастар шебі – еуропадағы алып тас ескі жұрттарының ішіндегі көрнісі ең ғажайып, ерекше сипатқа ие ескі жұрттардың бірі Карнак алып тас шоғыры.

Осы алып тас шоғырында, тастардың биіктігі 1-6 метр келеді, қатар бірнеше тізбек, ұзыннан ұзағы 4 км. жетеді. Жалпы саны 3 мыңға жуық. Ол Мак, Кермалевер және Керлескон шоғырлары деп үш шоғырға бөлінеді. Мак шоғыры Карнак ескі жұртының батыс оңтүстік бөлігінде, Мактан басталып батысқа қарай ұзыннан-ұзақ тізілген, өзындығы 100 метрдей, кеңдігі 110 метрдей келеді, жиыны 1099 қада тас түзу 11 қатарға тізіліп ұзыннан шеп құрған. Кермалевор шоғыры Мак шоғырынан 240 метр қашықтықта, оның шығыс жағына орналасқан, ұзындығы 1120 метрге, ені 100 метрдей келеді, ондағы 1029 қада тас 10 тізбекке бөлініп ұзын шеп құрған. Оның шығыс жағы Керлескон шоғыры, ұзындығы 860 метрдей, ені 139 метр, жиыны 598 қада тас 13 қатарға бөлінген.

Мұнан сырт, Мак шоғыры мен Керлескон шоғырының маңында тағы екі орында доға пішінді тас тізбегі бар. Осы айтылған тас шоғырларының ішіндегі тастың ең биігі 7 метр болып, әскери қосын қатарындағы бойшаң ту ұстаушыға ұқсайды. Тұтас алып тастар шоғырының тізбегі тегіс әрі ретті, алдын-ала, жан-жақтылы ойлану арқылы орналастырылғандығы көрініп тұр. Алып тастар шебіндегі тастардың бәрі жаратылыстық тастар, ешбір өңделіп, мүсінделмеген.

Осы тізбек-тізбек алып тастар шоғырының мәні не? Олар кімдерге арналып жасалған?

Сол өңірде осы тізбек тастар ерте заманғы Рим қосынының әскерлері бейнеленген, олар бір христиан әулиесін өкшелей қуып келе жатқан кезде әлгі әулие крест белгісін жасап щоқынып, қуып келе жатқан әскерлерді түгел тасқа айналдырып жіберіпті деген аңыз бар екен. Әрине, бұл аңыз ғана деңізші. Мұны сол өңірдегі елдің күнге шоқынуымен қатысты мүмкін деп түсіндірген оқымыстыларда болған, бірақ мұның дәлелі де онша толық емес секілді.

Археологтар Кермалевер шоғырында ғылыми қазба жұмыстарын жүргізіп, тас найза үшін, егеліп жасалған тас балта, қадыра сынығы, көмірге айналған заттар секілділерді қазып алған, оның дәл орта бөлігінен тағы да бұлардан да ерте замандағы қада тастар ескі жұртын және тастан ойылған қабыр үңгірін т.б. тапқан, осыларға қарап бұл ескі жұрттың заманын жаңа тас құралдар дәуірінің бастапқы кезіне, мұнан 4 мың жылдай бұрынғы уақытқа тура келеді деуге болады. Мұның табылуының тұтас тас шоғырларын онан ары зерттеп, тас шоғырларының сырын ашуға зор көмегі тиеді.

Ендеше, осы шоғыр тастар шебінің сипаты нені білдіреді? Бұған күні бүгінге дейін қанағаттанарлық түсінік жоқ.

Мұндай тас құрылыстар шоғырынан тағы талайы бар. Ирландияның шығыс жақ теңіз жағалауында әйгілі Неугранди тас қалытқысы бар, оның ұзындығы 19 метрдей, биіктігі 6 метрдей келеді. Жер асты қабыры мөлшермен б.з.б. 4-ші ғасырда жасалған, қыс ортасы болған кезде жаңа шыққан күннің сәулесі тас қалтқының залынан өтіп басына дейін түседі.

Эфиопияның ерте заманғы астанасы Аксумның ескі жұртында он неше төрт қырлы тас діңгек сорайып тұрады, әрбірінің биіктігі 35 метрге, салмағы 200-300 тоннаға жетеді, бәрі де тұтас гранит тастан оюланып жасалған.

Ливанның Балбек дейтін шағын қыстағында ерте заманғы тайпалардың ғибадат сарайының ескі жұрты бар, ғибадат сарайының сыртқы қорғанында үш шоқбар тас бар, бәрінің салмағы мөлшермен 1000 тоннадан асады. Мұнан сырт тағы бір “оңтүстік шоқпар тасы” деп аталған кесек тас бар, ұзындығы 20.8 метр. Ені, биіктігі 4 метрден асады, салмағы 1200 тоннадан асады, осы бір шоқбар тастың өзінен биіктігі 5 метр, оң бетінің кеңдігі 6 метр, ұзыны 12 метр, қалыңдығы 30 см. зәулім үйден үшеуін салуға болады. Тас құралдар дәуірінде жасаған сол адамдар осыншама жоян кесек тастарды қалай шағып мүсіндеді, қалай тасып жеткізді екен десеңізші?

Әр кесек тас, өз алдына бір шешілмеген жұмбақ. Он мыңдаған жылдық тарихтың боран-шашынын бастан кешіріп, байырғы жер шарының әр түкпірінде миземестен меңірейіп тұр, сондай-ақ олардың сырын білуге асыққан адамзаттың көңіл жазирасынан да мойын соза орын алып тұр. Олардың ел-жұрттың назарын аударып отырғаны, тамсандырып таңдай қаққыза таңғалдыратын ерте замандық көркемөнерлік құны ғана емес, онан да маңыздысы тарих шеңберінен талас жүрмейтін дәрежеде асып түсіп, адамзаттың білім жүйесі үшін үнсіз сын болып отырғандығы.

Дайындаған: Ұларбек Дәлейұлы 

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста