«Балбал» тас па, әлде Баба тас па?

«Балбал» тас па, әлде Баба тас па?

Орталық Азиялық ұшы қиырсыз ұлы даланың өлеңді ойлары, шалғынды қырлары, орманды белдері көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан бабаларымыздың құтты мекені болғандығы анық. Аталған аймақта кездесетін түрлі дәуір тарихынан сыр шертетін мұралар қатарынан жерге тігінен қадалған, кейде уақыт ырғағына шыдамай қисайып, құлап жататын тас мүсіндер дараланып, алыстан мен мұндалап шақырады. Халық арасында «балбал тастар», «сын тастар», «батыр тастар» т.т аталынатын бұл тас мүсіндер өзіндік ерекшелігімен, көркем безендірілуімен талайдың таңдайын қақтырып тамсандырады.
Кейінгі ғылыми зерттеулер Орталық Азиядағы монументті ескерткіштердің қойылу кезеңін сонау ықылым заманнан, яғни сирек кездесетін аңдар бейнеленіп, арнайы ойықтар ойылған энеолиттік стеллалардан бастап, қола дәуірінің тас мүсіндері, ерте темір дәуір бұғы тастары және ортағасырлық түркі, қыпшақ тас мүсіндері сияқты маңызды топтарға бөліп қарастырады.
Ерте орта ғасырларда ұлы Қытай қорғанынан бастап, Қара теңіз бен Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы кең даланы мекендеген түркілердің археологиялық ескерткіштерін жер тастардағы жазба-сызбалар, тас мүсінді ғұрыптық қоршаулар, сауыт-сайманы, тұлпарымен қоса жерленген обалар т.т құрайды.
Ерте кезеңнен бастау алған антропоморфты тастарды қою рәсімі түркі қағанаты кезеңінде шарықтау шегіне жетіп, еске алып құрбандық шалуға арналған тас қоршаулардың жанына еске алушының шынайы келбеті қашалған тастар тұрғызыла бастайды. Аталған дәстүр мұсылман діні дендеп еніп ығыстырғанға шекті жалғаса берген.
Алғашқы тас мүсін зерттеушілері Оңтүстік орыс даласынан табылған қашалу мерзімі орта ғасырлардың соңына қарай жасалған әйел адам бейнесі кескінделген тас мүсінге қатысты «каменная баба» атауын берген, содан бастап бұл атау жалпылай ғылыми ортада көне түріктік тас мүсіндер атауына айналып кете барған дейтіндер де бар.
Шындығында ерлердің, әйел затының да бейнелері сомдалатын тас мүсіндерді зерттеуші жат тілділіктер аталған аймақта тұратын байырғы тұрғындармен жүргізген мүсіндер жайлы этнографиялық сауалнамаларына олар өздерінің «тас бабалары» екендігін түсіндірген.
Зерттеушілерге алғашқы кезіккен әйел заты сомдалған тас мүсін болғандықтан олар баба сөзінің түбіне терең бойламастан сөзбе-сөз «каменная баба» қылып шығара салғандығын академик Ә.Марғұлан еңбегінде ескертіп өткен.
Түркі қағанаты кезеңі тас мүсіндерін зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша ғұрыптық қоршаулардың шығыс жақ қырына кісі бейнесі қашалған тас мүсіні қойылып, кейбірінің қарама-қарсы алдына қатарлана тігінен «балбалтастар» тұрғызылған. Олардың саны 1-2 бастап ондаған тас балбалдарға дейін жетеді. Ал, аталған тастардың қойылу себебін зерттеушілер; «мүсіні қойылған түркілік батырдың тірісінде жекпе-жекте өлтірген жауының санына қарай тұрғызылған» десе, келесілері «еске алу рәсіміне жиналушылардың аттарын байлайтын «ат ағаш» ретінде орнатылған» деген пікірлерін білдіреді.
Орхон руна жазуын зерттеп оқушыларға тас мүсіндер атауы «Балбық», «Былбыл» ретінде таныс.
Қорыта келгенде Бектеріне, Қағандарына, батырларына т.б қойған мүсін тастарын, жауларының құрметіне тұрғызылған балбалдарын, ерлікке толы тарихын қашап жазған бітік тастарын, қой тастарын т.т «Кәріліктен немесе аурудан өлгенді ар санаған, шамасы жеткенше ұрыс алаңында жан тапсыруды қалаған» - ер түркілердің ұрпағы ретінде бабаларымыздың ұлы мұраларының жалпылай атауын «Баба тастар» атағанымыз жөн сияқты.


Жайсаң ғибадатханасы (А. Досымбаевадан)

Сол қолы қайқы қылыш ілінген белдігінің тұсында, оң қолымен дұғаланған киелі сусынға толы құтысын тік көтеріп, мыңжылдықтар бойы мызғымай қыр үстінен сырттай бақылап тұрған қалпы, сан қилы өмір өткелдерінен өтіп келе жатқан ұрпақтарының амандығын әлі де болса тілеп: «Бірліктеріңді бұзбай, белдеріңді бекем буынып, замананың ағымынан қалмай алға жылжыңдар!» - деп өсиет айтып тұрғандай.


Ғұрыптық қоршаудың жанына қатарлай қойылған балбалдар. (сызба Ә. Марғұланнан. Атасу өзені. Қызылтас жазығы)



Серікболсын Сайдығалиұлы
Алматы қаласы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста