Алаш үні

Балтаның темір басы арқылы шетелге жеткен шындық

  • Балтаның темір басы арқылы шетелге жеткен шындық

    Балтаның темір басы арқылы шетелге жеткен шындық

Бүгінде аңыздан ақиқатқа айналған сонау 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастарының бас көтерулеріне тікелей араласып, көзсіз ерлікке барған мына бір азаматтардың да ерлігін еске алған жөн сияқты.

Алаштың арда ұлдары: филосф-ғалым, саяси күрескер Сәбетқазы Ақатай мен этнограф-ғалым, саяси күрескер Жағда Бабалықұлы сол бір қаһарлы күндері жеке бастарының қауіп-қатеріне қарамай, жастармен бірге алаңға барып, кейін Желтоқсан туралы шындықты егжей-тегжейлі зерттеп, жинаған құжаттарын Алматының әр түкпіріне жасырып, КГБ тарапынан қуғынға түскендері өз алдына таусылмайтын бір әңгіме.

Әсіресе, Сәбетқаза Ақатай мен Жағда Бабалықұлының Желтоқсан туралы шындықты алыс шетелдегілерге жеткізу жолындағы әрекеттері кімді де болса таң қалдырады.


 


Мәселен, осы екі азамат Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы мәліметтерді фото-пленкаға кішірейтіп түсіріп, оны арнайы сатып алған балтаның темір бастарына егеп кіргізіп, тесікті қайтадан балқытып жауып, Қытайдағы, Араб елдеріндегі, Батыстағы, АҚШ-тағы таныстарына "сәлем-сауқат" ретінде жөнелтулерінде көзсіз ерлік жатыр емес пе?.

Сол "сәлем-сауқаттардың" Қытайдан басқа мемлекеттерге аман-есен жетіп, ондағылар ашып-оқып, Желтоқсан туралы шындық әлем назарына алғаш рет солай ілінгенін бүгіндері біреу білсе, біреу білмейді. Сол кезде Сәбең тұрған үйдің подвалына КГБ-дан жасыру үшін арнайы тығылған құжаттардың қазіргі тағдыры да беймағлұм күйінде қалуда.

Сәбетқазы марқұмның көз жұмғанына көп жыл болды. Ал Жағда Бабалықұлы ақсақал да қайтыс болғалы аз жыл өткен жоқ.


Жұмаш КЕНЕБАЙ

Abai.kz 



Көрілген: 2227    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 01.02.2017, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28