Алаш үні

Бауыржан Момышұлының қазақ халқы туралы айтқаны

  • Бауыржан Момышұлының қазақ халқы туралы айтқаны

    Бауыржан Момышұлының қазақ халқы туралы айтқаны

 Бүгін Бауыржан Момышұлының туған күні. Today.kz сайты осынау атаулы күнге орай батырдың келіні Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабынан үзінді ұсынады.


... Ата әңгімесін төтесінен кіріспесіз бастап жіберді.


– Қандай халық болсын оның жер жағдайы мен тұрмыс-тіршілігі сол халықтың болмысына, мінез-құлық жаратылысына өз таңбасын салып, санасына сіңетіні белгілі. Алла тағала қазақ халқын бірін-бірі сағынысып жүрсін, бірінің қадіріне бірі жетсін деп әдейі ұлан-байтақ жер беріп, сол керіліп жатқан кең жерге ала бұлттан тамған тамшыдай қазақтарды сирек шашып жіберген секілді. Бәлкім, содан да болар, ата-бабаларымыз кісі көрсе, қуаныпты. Танысын-танымасын ұшырасқан адамға сәлем беріп, жөн сұрасып, әп-сәтте кедергісіз шүйіркелесіп, ұршықтай үйіріліп кетеді екен. Әрине, тоқтаусыз алға жылжитын өмір өзгеріссіз болмайды. Халықтың әдет-ғұрыптары, үдіріс-дағдылары заман өзгерісіне бейімделіп отырады. Бірақ ежелден келе жатқан ұлттық қасиеттер, ұлттық белгілер жоғалса, онда жеке атауға ие болатын халық ретінде күні бітер еді. Ол – қасірет. Ол – соры қайнап, сормаңдай болған халық. Ешкімнің басына ондай күнді туғызбасын.


Қазақ халқы – өзінің қат-қабат тарихында небір нәубетті асулардан асып, басынан талай зобалаңды кешірген,мұңы қордаланған шерлі халық. Сонда да өзіне тән ұлттық қалпын шамасы жеткенше сақтап келеді. Соның бірі – адамға үйірсектігі.


Күні бүгінге дейін ауылды жерлерде бейтаныс адамдардың өзі бір-бірімен амандасып, "жол болсын" айтып жатады. Ал құжынаған халқы бар қалалы жерде кездескеннің бәріне сәлем беру мүмкін емес, – деп ата үндемей қалды да, темекі шеге бастады.


Today.kz




Көрілген: 2389    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.12.2017, 20:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31