Алаш үні

Бүгін - Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін, яғни 5 наурыз күні ақ жүрек мұраттастарымен Алаштың аты озғанын қалаған, жаратылысы бөлек, өте туған Әлихан Бөкейханның өмірге келгеніне 153 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Әлихан Бөкейхан 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы) дүние есігін ашқан.


Әкесі Нұрмұхамет Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға беріп, жас Әлихан кейін мектепте білім алады. Бұдан соң Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, үздік бітіріп шығады.


Осылайша, 16 жасында Омбының техникалық училищесіне түсіп, 20 жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының шәкіртақысына ие болған ол Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтына түскен. Сабақпен қатар, саяси, әдеби, экономикалық үйірмелерге атсалысып, студенттік шерулерге қатысқан.


Әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы «Қазақ жерінің жоқшысы» кітабында қайраткерлікке белді бекем буған ұлты көшбасшысының жолы қалай қалай басталғанын былайша баяндайды.


«...Қазақ хандығының протектораттыққа өз еркімен енуі туралы шарттардың Ресей империясы тарапынан өрескел түрде бұзылып отырғанына көзін жеткізетін дәйекті мәліметтерді ашқаннан соң Әлихан Бөкейхан туған халқына байырғы жерлерін қайтарудың ымырасыз күресін бастады».


Сұлтан Хан Аққұлының жазуынша, Кенесары ханның қазасынан кейін отаршылдар билігі алдында қазақтар алғаш саяси бейбіт түрде ұсынған «Қарқаралы петициясының» бірегей бастамашысы әрі авторы тек қана Әлихан Бөкейханның болуы заңдылық еді. Онда алғашқы рет байырғы қазақ жерлерін олардың меншігі деп табу туралы талаптар ұсынылды.


«Соңғы 15 жыл көлемінде Дала өлкесін отарлау жүргізілуде. Жыл өткен сайын қазақтардың қолданысындағы жерлер азаю үстінде... Қоныс аударушылар теліміне (бөлігіне) деп пайдаланылатын ең құнарлы жерлер мен тұшы су қайнарлары тартып алынуда. Сондықтан да қырғыздар жайлап отырған жерлер олардың меншігі деп мойындалуы (танылуы) керек. Далалық өлкедегі мемлекеттік мүлікті басқару басқармасы тарапынан қазынаның жалғыз ғана иелігін межелеп айыру жүргізілуде. Соның салдарынан қазақтарды ата-бабалары қыстауларынан көшіріп жіберуде», - делінді петицияда.


Ұлт көсемі Ресей секілді үлкен империяны қарулы көтеріліспен жеңу мүмкін емес екенін жақсы білді.


«Бұл жолды халықтың жаппай қолдауы да неғайбыл, Кенесары көтерілісінің жеңіліске ұшырауы - соның бір көрінісі» деуі де сондықтан.


Алаштың көшбасшысы халықты езгіге салған империяны саяси тұрғыда реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыруды көздеді. Осылайша, қазақтың әуелі өзін-өзі билеп, кейін толық тәуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп есептеді.


Әлихан Бөкейхан орыс отаршыларының қазақ жеріне қатысты саясатына баса мән берді. Өз мұраттастарына да осы мәселеге ерекше назар аударуды жүктеді.


«Жерге қатысты алғанда біз небір шектен шыққан зорлық-зомбылықтарға төзіп келдік. Жер туралы сөз болғанда оған немқұрайлы қарап, енжарлық танытуға болмайды. Өйткені, жер ең түйінді өмірлік мәселенің басты өзегін құрайды. Бұл мәселеге «артық ауыз талаптағы наразылық, дау-жанжал және абыр-сабырсыз» ақыл-ой және асқан байыптылықпен қарау керек. Құрылтай мәжілісіне дейін біздің халқымыздың тарапынан ұстамдылық пен бейбіт қатар өмір сүру келісімінің көрсетілуі оның болашақтағы аман-есендігінің бірден-бір кепілі», - деді ол.


Әлихан Бөкейхан мен оның сенімді серіктерінің бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Автономия ретінде күш-қуатын бекіте түскен ел зиялылары Алаш әскерін жасақтады.


Әлихан Бөкейхан миллиондаған қазақты «Алаш» идеясының төңірегіне топтастыра білген тұлға. Алайда большевиктердің езгісіндегі өзге ұлттармен бірге қазақтар да ХХ ғасырдың басында өз тәуелсіздігін ала алған жоқ. Қызыл террормен билік басына келген большевиктер қазаққа тағы да 70 жыл бодандықтың қамытын кигізді. ...1937 жылы 27 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесілді.


 




Көрілген: 547    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.03.2019, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»
    15 Қаңтар, 13:05
    Нар тұлғалы Ноғаев
    14 Қаңтар, 11:47
    Бір әйелдің тағдыры
    8 Қаңтар, 12:29
    Хан Кененің қаруы
    3 Қаңтар, 11:43
    Қазақтың «обалы»
    26 Желтоқсан 2018
    Өмірді өзгерткен хат
    25 Желтоқсан 2018
    Атақ сатыла ма?
    20 Желтоқсан 2018
    Колбиннің ит өлімі ...
    15 Желтоқсан 2018
    Анамның хаты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31