Алаш үні

Бүгін — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

31 мамыр — өткен ғасырдың басында қазақ жерінде болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл атаулы дата 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.


1925 жылы қыркүйекте Қазақстанның басшылығына Федор Голощекин келіп, «Кіші Қазан» төңкерісін ойластырды. Яғни, қазақ ауылдарын кеңестендіру, жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және бай шаруа қожалықтарын тәркілеуді қолға алды. Оның саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. 1928 жылы Алаш қайраткерлері «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айыппен тұтқындала бастады. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды.


Тарихи деректерге қарағанда, 1921-1954 жылдары КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталып, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген. Ал Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың басым бөлігі зиялылар: ғалымдар, мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері еді.


Қуғын-сүргін жылдары КСРО-ның түпкір-түпкірінен Қазақстанға саяси тұтқындар мен халық жауының туыстары депортацияланды. Сарыарқаның сайын даласы үлкен түзету лагеріне айналды. Бір ғана Қарағанды еңбекпен түзету лагерлерінің аумағы 1931 жылы 53 мың гектар болса, 1941 жылы — 1 780 650 гектар болды. Егер 1931 жылы КарЛагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы — 22 бөлімше, 159 учаске, ал, 1953 жылы — 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болған. Оның құрамында халық жауларының әйелдеріне арналған АЛЖИР, әскери тұтқындарға арналған Спасск, ҚарЛаг, СтепЛаг атты еңбекпен түзету орындары жұмыс істеді. Жазықсыз жапа шеккендердің көз жасы мен қолының табы қалған қасіретті орындар бүгінде музейге айналды.


Сонымен бірге, 31 мамыр — Қазақстанда ашаршылықта қаза тапқандарды еске алу күні. 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдары әдейі ұйымдастырылған жасанды зауалдан, әсіресе Қазақ халқы қатты зардап шекті. Аштық салдарынан 3 миллионға жуық қазақ құрбан болды. Тұтас ауылдар жоғалып, қазақ даласы көмілмей қалған мәйітке толды. Аман қалғандары шекара асып, Қытай, Тибет, Пәкістан арқылы Түркия мен Еуропаны паналады. 




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30