Алаш үні

Біз қандай балшықтан жаралдық, хандар ше?

  • Біз қандай балшықтан жаралдық, хандар ше?

    Біз қандай балшықтан жаралдық, хандар ше?

Алла адамды балшықтан жасап, демімен жан берді... Рух.

Сұрақ: Қандай балшық? Саз балшық па, жәй балшық па?..

Дерек жоқ. Білетініміз, түбі – топырақ.


Бәлкім, сіз «Сен де бір әлгі еріккен сартқа ұқсап...» дерсіз?.. Еркіңіз білсін!..

Дегенмен, бұл – маңызды мәселе. Себебі, жақында ғалымдар адам ағзасының құрамында топырақ элементтерінің басым екенін анықтады.

Талай жыл таласып жүріп «Маймыл атамыздан» зорға құтылдық... Әуелі Құдай – сосын «тәңір берген» тәуелсіздіктің арқасы!..

«Түбіміз бір, барлық адамзат Адам Ата мен Хауа Анадан тарады» дейміз... Тіпті біреулер «Тіліміз де тамырлас, демек, діліміз де жат емес» деген уағыз айтады.

Жарайды, жөн-ақ делік!.. Тек онда Құран Кәрімде айтылатын «Біз сіздерді ұлттар мен ұлыстарға бөліп жараттық» дейтін Құдай сөзін қайтеміз?.. Қиын сұрақ. Кейде тіпті көңілге «Бір Ата мен Анадан тарасақ, қанша ұлт, сонша нәсіл қайдан шықты? Түріміз, тіліміз, дініміз бен діліміз неге сан түрлі?» деген ой келеді.

Қасиетті Құран өзіне дейінгі діндер мен киелі кітаптардың ешқайсысын жоққа шығармайды және Мұхаммед пайғамбарды ең соңғы пайғамбар деп жариялайды. Неге? Неге соңғы?..

Сұрақ көп... Жауап жоқ. Бірақ, бір білеріміз – Алла дейсіз бе, Тәңір дейсіз бе, Жаратушы дейсіз бе – бір Ұлы Күштің бары анық. Ақиқат.

«Бәрін өзім істеймін, адамдар бір-бірінен көреді» дегендей, тағы бір шындық – есепсіз нәрсе жоқ. Бәрінің сұрауы болады. Бұл дүниенің қарызын о дүниеге ешкім әкетпейді. Фәнидің күнәсі бақида өтелмейді. Әркім өзі үшін жауап береді. Сен жауап бермесең – ұрпағың көтереді. Тағы айтамыз: бұл дүниеде есепсіз ештеңе жоқ.

Мынадай бір тәмсіл бар еді...

Шығыс елдерінің бірінде халқын қан қақсатып, жақындағыны жалмап, алыстағыны арбап, ойына келгенін істеген бір тексіз хан болыпты. Жалғанды жалпағынан басып, үріп ішіп, шайқап төксе де Жаратқан оған мұрагер бермепті.

Хан бір күні түс көреді. Түсінде өзінің қыңырлығымен аты шыққан ақынмен қолтықтасып алып, әлденені соғып келеді. Көңілі – тоқ, өзі – шат. Тіпті, мүлде аузын жаппайды!..

Осылай құшақтасқан күйі жол айырығына жете бергенде, алдынан бір қарт әйел шығып, қолындағы кесеге екі ожау ағарған құйып, өзіне ұсынды. Артық та емес, кем де емес, тура – екі ожау.

Айран тәрізді... Өзі тағы орта кесе.

Жасыратын несі бар, «Бұл менің жұмырыма жұқ бола ма?!» деп, іштей жақтырмай қалды.

«Тым болмаса толтырса қайтеді» деген оймен әйелге қарап еді... Құдай-ау, өзінің анасы сияқты!.. Марқұм шешесі...

Кесені көтеріп, іше бастаған... Азырқанған айраны жұтқан сайын молайып, екі езуінен ағып, омырауына төгілді. Кеудесі – айғыз-айғыз. Зорға бітірді... Тіпті анық есінде жоқ. Өзі – мәз. Аузы жабылмайды. Патша емес, сайқымазақ секілді!.. Шошып оянған... Түсі екен.

Ертеңіне көрген түсін уәзіріне айтып еді: «Тақсыр-ау, түс түлкінің боғы емес пе?!» - деп, көңілін басты.

Сосын ақынға айтқан; аңғырт ақын: «Алдияр, онда тәубаға келіңіз!.. Ештен кеш жақсы... Екі-ақ жыл өміріңіз қалыпты!..» - деп қайдағыны шығарсын. Ұзамай басынан айрылды.

Одан бері де біраз уақыт өтті. Келер жаз жер-жаһанға жар салып, ғажайып жиын өткізбекші. Бүкіл елге сауын айтқан. Қол астындағы қауым шықпа жаным шықпа деп зорға жүрсе де, жазған құлда жазық жоқ, амалсыз көнген. Енді содан бір құтылса...

...Әлгі түс сонда да ойынан кетпейді!.. Жанын ауыртып, жүрегін сыздатады. Маза бермейді.

«Неге екі ожау? Неге анасы?.. Неге?! Және қалай тауыса алмады?.. Тіпті, екі езуінен аққан айран, кеудесіне төгілді. Бұл болса мәз, аузын жаппайды... Қандай сөз, қандай күлкі?!»...

Түсінбейді... Айтпақшы, той тарқар-тарқамаста ақын айтқан екі жыл болады. Кім біледі, мүмкін, сол кезде шешімі де табылар?!


Тұрмағанбет Кенжебаев – ақын,

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі

Abai.kz 




Көрілген: 1097    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 20.01.2017, 11:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 14:07
Алашшыл азамат
12 Шілде, 11:51
Генерал жолы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30