Алаш үні

Депутат саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына орай ономастикалық жұмысты жандандыруды ұсынды

  • © inform.kz

    © inform.kz

Депутаттар өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толу датасын атап өту мәселесін көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді.


"Аталған қуғын-сүргіннің салдарынан ұлтымыздың көптеген саяси қайраткерлері мен зиялы қауымының таңдаулы өкілдері «халық жауы» деген жаламен атылып кетті және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Міне, осындай қилы заманда қазақ халқы тағдыр тәлкегімен Қазақстанға келіп, бас сауғалаған басқа этностардың өкілдеріне шынайы қайырымдылық көрсетіп, олардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүріне толеранттылықпен қарап, өз бойындағы ғажап гуманистік қасиеттерді айқын танытты.Дана халқымыз өз басына түскен ауыртпашылықты қайыспай көтеріп қана қоймай, жер аударылып келген басқа этнос өкілдеріне бауырмалдық білдіріп, бірлік пен татулықты қазақстандық қоғамның ең басты құндылығына айналдыра білді", — деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Кәрібай Мұсырман Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.


Депутат осы датаны атап өту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. "Мәңгілік ел" патриоттық актісіне сәйкес, жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және ортақ тарихи мұрамызды насихаттау мақсатында Мәдениет және спорт, Дін істер және азаматтық қоғам, Білім және ғылым, Ақапарат және коммуникциялар министрліктеріне, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктеріне өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, білім беру мекемелерінде ашық сабақтар өткізу, мәдениет мекемелерінде оқырмандар конференцияларын, көрмелер ұйымдастыру, осы тақырыптағы көркем және деректі фильмдерді көрсету, пьесаларды сахналау, тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыру, құрбан болған қайраткерлердің есімдерін мәңгі есте қалдыруға байланысты ономастикалық жұмысты жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарында телерадиохабарлар мен жарияланымдар дайындау жөнінде тапсырма беруді ұсынамыз", — деді Мұсырман.


Sputnik


 




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.03.2017, 17:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31