Екібастұзда «Қазақ тілі» қоғамы құрылады

Екібастұзда «Қазақ тілі» қоғамы құрылады

Екібастұз қаласында бірнеше жылдан бері мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы қызмет атқарып келеді. Қала әкімі Қайрат Нүкенов төрағалық ететін топ жұмысы негізінен Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының орындалуына, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысып келеді.
Топ мүшелері жұмыс жоспарына сай Екібастұз қаласындағы мемлекеттік мекемелерді, қала құраушы кәсіпорындарды, банктер мен сауда үйлерін аралап, құжаттардың заңға сай рәсімделуін, жарнамалар мен маңдайша мәтіндерінің дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Рас, бастапқыда жұмыс тобының ескертпелеріне құлақ аспай, әсіресе, ірі кәсіпорындар басшылары өзімбілермендікке салынды. Алайда қала басшылығы жұмыс тобының тексерісінен өткен кәсіпорын басшысын тіл мәселесі қаралатын отырыстарға шақырып, есеп беруге міндеттеді. Бүгінгі таңда есеп беруге кәсіпорынның бірінші басшысы келмейтін болса, кәсіпорын баяндамасын тыңдау кейінге шегеріледі.
Жұмыс тобының, әсіресе, оның құрамындағы Жеңіс Мейірман, Жұмағали Қоғабай сынды тіл жанашырларының жүйелі де тыңғылықты жұмысының арқасында бүгінде кеншілер қаласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы бірсыпыра жақсарып, әсіресе, құжаттар мен жарнамалар айтарлықтай реттеліп қалды. Мәселен, таяуда ғана «Сити мол, «Сарыарқа», «Макси мол», «Камила» сияқты ірі сауда нысандарында жарнамалар мен сауда дүңгіршектерінің ақпараттары заңға сәйкестендірілді.
Айта кетерлігі, биыл қала көшелеріндегі тілбұзар атаулар мен мәтіндерді анықтауға жастар бастамаларын дамыту орталығының бір топ жастары да қосылып, біраз жұмыстар атқарды. Бір қуанарлығы, мемлекеттік тілді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының таяуда өткен отырысында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігін құру туралы ұсыныс айтылды. Бұл ұсынысты қала әкімі – жұмыс тобының төрағасы Қайрат Нүкенов құп алып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаеваға бірлестік үшін кабинет және оны қаржыландыру жолдарын қарастыруды жүктеді.
- Тегін жұмыста сапа болуы неғайбыл. Сондықтан бірлестік төрағасына еңбекақы төлеуді ойластырғанымыз жөн. Сонымен қатар, кабинетті компьютер, телефон, факс сынды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ғаламтор байланысына қосу керек! – деді Қайрат Теміршотұлы. Жұмыс тобы мүшелері, сондай-ақ, бірлестік төрағасын жігерлі жастардың бірінен тағайындауды ұсынды.
Бір кездері қаламызда мұндай қоғам құрылып, нәтижелі жұмыс атқарғанын жұртшылық жақсы біледі. Қоғам қазақ мектептерін көбейтіп, көше атауларын қазақшалауда, ұлттық дәстүр, мәдениет, тіл саясатын дамыту жолында ерен еңбек етті. Бүгінгі таңда кеншілер қаласында көп көшенің ұлтымыздың ұлы тұлғаларының есімдерімен аталып, сегіз бірдей таза қазақ мектебінің жас ұрпаққа білім беріп отыруы – алдыңғы толқын – ағалардың ерен еңбегінің арқасы.
Еліміз тәуелсіздік алып, жоғалтқанымызды түгендегендей болғанымызбен, тіл мәселесінде әлі де ақсап жатқан шаруа аз емес. Демек, қоғамға мемлекеттік тілдің жоғын жоқтайтын бірлестік керек-ақ.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА,
Павлодар облысы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста