Ер Жәнібек: аңыз бен ақиқат

Ер Жәнібек: аңыз бен ақиқат

(Ер Жәнібек Бердәулетұлына қатысты жырлар мен аңыздарда кездесетін ХVІІІ-ғасырдағы тарихи тұлғалар)

Қазақ халқы өз тарихын, тарихта өткен хандары, батырлары, абыздары, шешендері мен көсемдерінің есімін шежіре, тарихи жыр, тарихи аңыз түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды дәстүрге айналдырған халық болып табылады.
Қазақ батырлары арасында Ер Жәнібекке қатысты жырлар мен аңыздар қоры ең көп сақталған батырдың бірі болып табылады. Қазірге дейін ел аузынан жиналып, жарияланған тарихи жырлардың 7-8 нұсқасы, тарихи аңыздардың елуден астам нұсқасы анықталып отыр. Батырға қатысты мағұлматтар батырдың өзіне қатысты туған осынау аңыздар мен жырлардан өзге ұқсас дәуірде өмір сүрген қазақтың Абылай, Қабанбай, Бөгенбай тағы басқа бірегей тарихи тұлғаларға  қатысты жырлар мен аңыздарда да кездеседі. Бұдан тыс батырға қатысты деректерді әр дәуірде өмір сүрген Құрбанғали Халид, Машһүр-Жүсіп Көпей, Шәкәрім Құдайберді, М.Әуезов, Ақыт Үлімжіұлы, Асқар Татанайұлы қатарлы ғұламалар да өз еңбегінде ерекше ыждағаттылықпен жазып, қалдырып отырған.
Ер Жәнібектің тууынан дүниеден озғанға дейінгі ғұмырындағы батыр­лығы, шешендігі, әділдігі, мәрттігі мен ерлігі сияқты жақсы қасиеттері мадақталған бұл жырлар мен аңыздар көбінесе қазақ-жоңғар соғысы дәуірінен сыр шертіп, батырмен бір дәуірде жасаған қазақтың көптеген тарихи тұлғаларының атын атап, олар туралы түрлі мағлұматтар беріп отырады. Мұндай тарихи тұлғалардың қатарында сол дәуірде жасаған қазақ хандарының, батырларының, абыз-жырауларының, би-шешендерінің аты аталып, түсі түстеледі.
Ағымдағы жылы Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерей тойын мемлекеттік деңгейде атап өту шараларының бір мазмұны ретінде жас ғалым Насихат Набиоллаұлы екеуміз «Ер Жәнібек Бердәулетұлы» (тарихи жырлар мен аңыздар) атты жинақты құрастырған едік. Төменде осы еңбектің  мазмұнына жинақталған және бұл жинаққа енбей қалған тарихи жырлар мен аңыздарда кездесетін ХVІІІ-ғасырдағы тарихи тұлғалардың атын атап өтпекпін.
Аталған жырлар мен аңыздарда ең жиі аталатын тарихи тұлға ретінде Абылай ханды көрсетуге тура келеді. Онда баяндалғанындай Абылайхан қазақтың ханы, батыр қолбасшысы ретінде сипатталып, батыр қатысқан маңызды шайқастардың көбін Абылайханның ұйымдастыруы және тікелей басшылық етуі баяндалған. Жоңғарларға қарсы жорықты ұйымдастырушы қазақ хандарының келесі бірі ретінде Әбілмәмбет ханның аты да ерекше аталып, Әбілмәмбет қазақтың ханы, жорықтардың бас қолбасшысы ретінде суреттелген. Сонымен қатар, ұқсас мезгілдегі Қазақ ханы ретінде Әбілпейіз ханның аты аталған.
Ал енді, қазақ батырларына кезек берер болсақ, Ер Жәнібек Бердәулетұлына қатысты аңыз­дар мен жырларда қазақ батыр­ларының үлкен топтамасы сақталған. Бұлар­дың ішіндегі бүкіл қазаққа әйгілі батырлар қатарында: Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақұлы Жәні­бек, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Бағаналы Барлыбай батыр, қызай Есенкелді батыр, уақ Өтеген батыр, бәсентиін Малайсары батыр, сүйіндік Олжабай батыр, Шақшақ Жәнібек (Жәнібек Тархан, Қошқарұлы Жәнібек деп те аталған), шанышқылы Бердіқожа батыр, уақ Бармақ батыр (Бармақ батыр туралы Пекин қаласындағы Қытайдың № 1 мұрағат құжат қорында сақталған құжаттың бірінде: «Уақ тайпасының Бармақ батыры 500 отбасыны басқарады» деп жазылған),  шекті Шыңғыр батыр (көбінесе «Ер Шыңғыр» деп атайды), бағаналы Жаулыбай батыр («Жәнібек» батыр жырында «Шұбар тулы Жаулыбай» деп атайды), қыпшақ Бәйкелді Бостан (аңыздың бірінде Ер Жәнібек: Жолдасын жолға қалдырмайтын Бәйкелді Бостаннан кейін ер тумайды деп болжағаны айтылады), найман Көкжарлы Барақ батыр (Барақ Шүркеұлы, Ер Жәнібек батырға қатысты жырлар мен аңыздарда «Көкжарлы Барақ» бірде «Найманнан батыр Барақ бар...» деп келеді), керей Жобалай батыр, мұрын Шегір батыр, найман Шыңқожа, т.б. батырлардың аты аталады. Міне, бұлардың барлығы үш жүзге әйгілі батырлар болып табылады. Жырлар мен аңыздарда Ер Жәнібек батырдың осы батырлармен бірге жорыққа аттанғаны немесе көп шайқаста бірге болғаны баяндалған.
Бұдан өзге Ер Жәнібекпен бір дәуірде жасаған Абақ керейден шыққан басқа да бір топ батырдың есімі аталады. Олардың біразы соңғы кезде он екі абақ керейдің жекелеген руларының ұраны ретінде әйгілі болған. Бұл қатардағы батырлардан: Шеруші руының ұраны болған Байтайлақ батыр, көнсадақ руының ұраны болған Ер Жабай, жәдік руының ұраны болған Жантай батыр, жәнтекей руының ұраны болған Шақабай батыр, Шақабай батырдан бұрын жәнтекейге ұран болған Сәменбет батыр қатарлылар бар. Бұдан тыс жәнтекей руының батырлары ретінде Барақ батыр (кей жырлар мен аңыздарда «Барақ би» деген атпен де аталды) мен  Қотырақ  батырлардың, жастабан Нұралы батырдың аттары кездеседі. Аталған дәуірдегі жәдіктің тағы бір батыры болған Қуандық батырды тарихи аңыздарда абақ керей тарихындағы Ер Жәнібек бастаған әйгілі алты батырының бірі деп сипаттаған.
Ер Жәнібек Бердәулетұлына қатысты аңыздар мен жырларда кездесетін тарихи тұлғалардың қатарында Бұқар жырау, Бегімысық әулие, Абақ керей шұбарайғыр Жәрке абыз, найман Соқыр абыз, қанжығалы Шомақ абыз қатарлы абыздар мен жыраулардың аты жиі аталып, олардың аузынан абыздық өнеге сөздер айтылады.
Бұдан өзге батырдың үлкен нағашысы деп баяндалатын Қаздауысты Қазыбек биден өзге Бекболат би, Тіленші би, Абақ керей Тауасар би, Ер Жәнібектің өз нағашысы деп баяндалатын Сары үйсін Досымбек би қатарлы билердің аты аталады.
Аңыздар мен жырларда аталған дәуірде жасаған Жоңғар, Қырғыз және Цин елінің ел билеушілері мен батырлары да кездеседі. Бұл қатарда Қорылдай, Себан Рабдан, Серін қалмақ, Еженхан деген тұлғалардың аттары аталады. Бұл жырлар мен аңыздарда «Садыр» есімді батыр кейде қырғыз батыры делінсе, енді бірде қалмақ батыры ретінде баяндалады.
Ал, Жәнібектің өз әкесі Бердәулет Сарыұлы, шешесі Ғазиза Сары үйсін Досымбектің қызы делінген. Кей аңыздарда батырдың анасының шашы ұзын болғандықтан ел адамдары оны «Шаше ене», «Шаше апа» деп атағаны баяндалған.
Жанымхан Ошан,
Р. Сүлейменов атындағы
Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері.
СУРЕТТЕ: Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына орай шығыстанушы Жанымхан Ошан мен Насихат Набиоллаұлы құрастыруымен баспадан шыққан «Ер Жәнібек Бердәулетұлы» (тарихи жырлар мен аңыздар» атты кітабы.

ortalyk-kaz.kz

Түпнұсқадағы тақырып: «Ер Жәнібек және  тұлғалар»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста