Алаш үні

Халифа Алтайдың 100 жылдығы кең көлемде атап өтіледі

  • Ғұлама-ғалым, Халифа Алтай қажы

    Ғұлама-ғалым, Халифа Алтай қажы

Биыл есімі күллі түркі әлеміне кеңінен танымал дінта­нушы Халифа Ғақыпұлы Алтайдың 100 жылдық мерейтойы Қазақстанда ғана емес, Түркия, Қытай және Еуропаның бірқатар елдерінде атап өтіледі.

Мерейтой кезінде «Ғылым Ордасының» кітапханасы «Қазақстан ғалымдарының библиографиясы» сериясы бойынша «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты кітап шығарылады. Бұдан бөлек «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты конференция және фотосурет көрмесі ұйымдастырылып, Халифа Алтай туралы деректі фильм түсіріледі, деп жазады Егемен Қазақстанға сілтеме жасап muftyat.kz.

1917 жылы Қытай Халық Республикасында өмірге келіп, 2003 жылы 15 тамызда Қазақстанда қайтыс болған Халифа Алтайды бүгінде жұртшылық сан қырлы өнер иесі ретінде таниды. Қазақ диаспорасының көрнекті қайраткері қасиетті «Құран Кәрім» кітабының қазақ тіліндегі тұңғыш аудармашысы ғана емес, 1989-1990 жылдардағы баспагері, дінтанушы, исламтанушы, жазушы, ақын, антрополог, тарихшы, этнограф, аудармашы, қоғам қайраткері ретінде тарихта қалды. «Алаш» сыйлығының алғашқы лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ол атажұртқа Елбасының шақыруымен Түркиядан оралған еді. «Құран Кәрім» кітабының қазақ тіліндегі тұңғыш аудармашысы туралы кезінде ҰҒА құрылтайшыларының бірі әл-Машани: «Осы аударма мен оның түсініктерінен басқа еш нәрсе жазбаған күннің өзінде, Халифа Алтай қажыны ірі ғұлама-ғалым қатарында тануға болар еді», деп бағалаған болатын.


«The Qazaq Times» 




Көрілген: 813    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 20.01.2017, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28