ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ: ТАРИХЫ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ: ТАРИХЫ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Бабалар мұратын жалғастырып, ел ама­натын арқалап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр­лы жол – болашаққа бастар жол» ат­ты Жолдауында биыл Қазақ хан­дығының 550 жылдығын атап өтетінімізді жариялады. Бұл – ұлттық та­ным-тарихымызды терең зерделеп, құн­ды жәдігерлерімізді ел жа­дын­да қайта жаң­ғырту деген сөз. Біздер мерекені мемлекеттік сананы көтеруге пайдалануымыз керек. Ұлт тарихы, мемлекет тарихы, Отан тарихы деген ұғымдар бар. Ресей сияқты елдер көбінде Отан тарихына жүгінеді. АҚШ секілді бертінде пайда болған елдер мемлекет тарихын басымдыққа шығарады. Ал тамыры тереңде жатқан халықтар ұлт тарихына ден қояды. Біздер ұлт тарихынан бастау алуымыз керек. Мемлекет басшысы: «Ұлттық идеяны қа­лып­тастыру біз­дің өз тарихымызды жаңадан оқу негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ұлттық идея­ның формуласы ұлттық тарихта жатыр», – деген еді. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі жаңа тұрпатты Қазақстан мемлекеттілігінің тарихында Қазақ хан­дығы аса қуатты мемлекеттік құрылымның бірі ретінде маңызды роль атқарған. 

Міне, осы Қазақ хандығының құрылған уақытын мемлекеттік деңгейде жыл сайын атап өтіп, оның тарихын халықтың арасында жан-жақты насихаттау идеологиялық бағытта ұлттық мемлекеттіліктің және отаншылдықтың нығаюына тікелей септігін тигізіп қана қоймай, қазақстандықтардың бойындағы мем­лекеттік ой-сананы бекітіп, егемендігіміздің қуатты тұғырын арттыра түсетіні анық. Өйткені ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған мемлекет көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болған – Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өлгенге дейін 4 ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Қазақ хандығының генезисін, яғни қалыптасу, даму кезеңдерін сараптағанда дамыған шаруа­шы­лық формаларының орныққанының, яғни көшпенді және жартылай көшпенді өмір сал­тын ұстанып, жер өңдеу ісінің, кәріздік суару жүйесінің, өндірісінің болғанына көз жет­кі­земіз. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді.
Яғни, Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі мемлекеттердің біріне айналды. Төл тарихымыздан сыр шертетін аса құн­ды еңбектің авторы, ғұлама ғалым Мұ­хаммед Хайдар Дулати Қазақ орда­сы­ның туы тігілген киелі Шу өңірін «Мо­ғолс­танның мәшһүр жері» деп атайды. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар халықтын «Қазақ» деген атаумен қалыптасудың алғашқы сатысы еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдасқан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Мемлекет басшысы өткен жылы Ұлытау төрінде берген сұхбатында: «Қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын, ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасатынын, одан кейін Алтын Орда орнығып, әрі қарай хандық дәуірге ұласатынын және біртіндеп бүгінгі Тәуелсіздікке келіп тіреле­ті­нін» атап өтті. Қазақ хандығы өзінің дамыған мемлекеттік басқару жүйесімен, құқықтық ережелерімен және сол замандағы өңірдегі ірі геосаяси ойыншылар – Ресей және Цин империяларымен орнықты әлеуметтік-экономикалық байланыстар жасау, сауда және дипломатиялық қарым-қатынастар жасаумен ерекшеленгені белгілі» деп бекерден-бекер ерекше атамаса керек.
Қазақ хандығының тарихындағы аса маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі – хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты. Қазақ хандығының құрылуын мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте ортағасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттерінің тарихымен тікелей байланысты. Бұл мемлекеттердің атаулары әр түрлі болғанымен оларға ортақ тән нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты. Осы мемлекеттердің атауын билеуші әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атаумен атала бастайды. Бұл дегеніміз – Қазақ хандығын бір тайпаға емес, көптеген туыс тайпалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болған жаңа этноқауымдастық немесе жаңа этнос атауына қатысты екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақ хандығының құрылуы саяси жағынан алғанда ХІV-ХV ғасырларда қазақ даласы мен оған көршілес аумақтарда өмір сүрген Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан және Мауереннахрдағы Темір әулеті билеген мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастардың дамуының заңды қорытындысы болып табылады. Қазақ хандығы құрылуының маңызы осындай этникалық саяси және мемлекеттік дамулармен тығыз байланыста ерекшеленеді.
Алайда, Қазақ хандығының құрылуы мәселесі ғылыми жағынан маңызды, өзекті мәселелердің бірі болса да, тәуелсіздік алғанға дейін кеңестік биліктен қаймыққан отандық тарихшылар тарапынан жете көңіл бөлінбеді. Тек Қазақ елі егемендік алғаннан соң ғана зерттеушілер басқа да мәселелермен бірге Қазақ хандығының құрылуы тарихына қызығушылықтар таныта бастады. Нәтижесінде Қазақ хандығының тарихы жас мемлекетіміздің идеологиясын қалауда ең басты рөл атқаруда негізі жасала бастады. Оған бірнеше себептер бар еді: 1) 1991 жылы өзінің саяси дербестігін жариялаған Қазақстан Республикасы мен ХV ғасырдың ортасында өз туын тіккен Қазақ хандығы арасындағы тарихи сабақтастық, жалғастық, үндестік және идеологиялық өлшемдердің болғандығын сезіну, соларды дәлелдеуге бағытталған талпыныстар; 2) Қазақ хандығының тарихы арқылы Қазақ халқының шығу тегін білуге деген қызығушылықтар; 3) Қазақ халқының ХV-ХVІІІ ғасырлар және ХХ ғасырдың соңындағы мемлекеттілігі атауларының негізінде «Қазақ» сөзі тұрғандықтан, екі тарихи кезеңдегі мемлекеттіліктің арасынан байланысты іздестіру; 4) Қазақ хандығының тарихы негізінде қоғамды мемлекетшілдік идеяға жұмылдыру, жас буынды өз мемлекетін сүюге, патриотизмге тәрбиелеуге шыңдау;
Жалпы алғанда Қазақ хандығының тарихын қоғамға паш ету ғылыми жағынан ғана емес, бүгінгі күннің идеологиялық талаптарынан туындап жатқан құбылысқа айналуы тиіс. Яғни, ХV-ХІХ ғасырлар арасын қамтыған Қазақ хандығы Қазақстан тарихында ерекше орын алып қана қоймай, осы кезеңде қалыптасқан ұлттық сана мен халықтың өзіне тән ерекшеліктері қазіргі біздің қоғаммен тікелей ұштасып жатыр. Сонымен қатар, сол кезде өмір сүрген хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздардың жүріп өткен іздері және ерлік пен елдікті дәріптеген небір айтулы тарихи қызметтері қазіргі таңдағы жас ұрпақ үшін өшпейтін үлгіге айналып отыр.
Тіпті ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де – қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. «Отар елдің тарихын, отарлаушы елдің өкілі жазады» деген қағидаға сай кеңестік авторлар қазақ тарихын жазуды өз қолдарына алып, қазақ халқының ұрпақтарына өз мемлекеттілігінің болмағанын дәлелдеумен өтті және евроцентристік көзқарастар тұрғысынан қарастырған олар қазақ қоғамындағы хандықты мемлекет емес, ру-тайпалық ұйым ретінде түсіндірді. Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты идеялар бірте-бірте қалыптаса бастайды. Тіпті өткен ғасырдың 90 - шы жылдарының басында Ресейдің орталық мерзімді басылымдарында «Қазақстан Республикасы ұзақ өмір сүре алмайды, өйткені тарихта қазақтардың өз мемлекеті болмаған, оларға мемлекеттілік идеясы жат» деген пиғылдағы ойлардың белең алғаны бәрімізге белгілі. Мұндай пікірлер әлі де өшпей жатқаны шындық. Сондықтан осындай теріс пиғылдағы көзқарастарға тек тарихшылар тарапынан жүргізілген ғылыми негіздегі объективті зерттеулер ғана тосқауыл бола алады.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның тарихи өлшеміне айналды.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
Тараз мемлекеттік педагогикалық

институтының ректоры, тарих ғылымдарының

докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста